Атоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. (Ашық сабақ) 10 сынып
Предмет: | ИЗО, МХК |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Алдажаров Дастан Садуакасович
|
Күні: 24.01.2014 ж.
Сыныбы: 10
Пәні: Алғашқы Әскери Дайындық
Тақырыбы: Атоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.
Мақсаты: Білімділік: оқушыларға автоматты бөлшектеу және жинақтау
жолдарын үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін,
аңғарымдылығын дамыту.
Тәрбиелік: төзімділікке, ұқыптылыққа, отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету арқылы ұғыну.
Көрнекілігі: АӘД оқулығы, электронды оқулық, АК- 74 макеті.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушыларды сапқа тұрғызып, взвод командирінің рапортын қабылдау.
Оқушылармен әскери тәртіпте сәлемдесу.
Түгелдеу, формаларын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1-сұрақ. Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?
2-сұрақ. Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар?
3-сұрақ. Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар?
III. Жаңа сабақ:
Жоспары:
1. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі.
2. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда, не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлшектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 8.67 Mb |
Количество скачиваний: | 3 |