Здесь была ссылка на работу Ауа. Ауаның қасиеттері автора Коптилеу Гулмира Сыдыккызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың мақсаты: оқушыларда ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру. Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: «Ауаның құрамы» атты тірек сызба, орман бейнеленген сурет, тәжірибе үшін шар, бір стақан су. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Оқулық бойынша жұмыс. 1) Оқушыларға жаңа сабақты түсіндірместен бұрын оқулықта берілген сұрақтар қойылады. Оқушылар өз күштерімен жауап беруге тырысады. 2) Тәжірибе арқылы айналаның бәрінде ауа бар екенін дәлелдеу. 1-тәжірибе. Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады. Сұрақ: Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті? 2-тәжірибе. Екі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың? 3) Мұғалімнің түсіндіруі. - Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді. Енді ауа суда да, топырақта да бар екеніне мысал келтіріңдер. Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге толтырады.