»Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері»
Предмет:
Биология
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Шалгымбаева Асем Нартаевна
Здесь была ссылка на работу »Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері» автора Шалгымбаева Асем Нартаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ішекқуыстылар бір затқа бекініп немесе суда еркін жүзіп тіршілік етеді. Суда еркін жүзетін түрлерінің көру және тепе – теңдік мүшелері де болады. Көбінесе отырықшы ішекқуыстыладың денесі сәулелі симметриялы болады. Дене қуысы қапшық тәрізді тұйық болғандықтан, артқы тесігі болмайды. Қорытылмаған корек қалдығы аузы арқылы шығарылады. Ауыздың айналасында қармалауыштар орналасады. Барлық ішекқуыстылардың сыртқы қабатында – эктодермада атпа жасушалары бар. Атпа жасушалар қорғаныш және корегін аулау қызметін атқарады. Ішекқуыстылардың денесінде, шашыраңқы орналасса да, жүйке жүйесі бар. Жүйкедегі жүйке жасушаларынан жүйке торы түзіледі. Мұндай жүйке торы ең алғаш тек ішекқуыстылардан бастап қана байқалады. Ішекқуыстылардың көпшілігінде регенерация құбылысы дамыған. Мысалы, гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар пайда болады. Олар аралық жасушалар деп аталады. Гидра денесі зақымданғанда аралық жасушалардың өсуі күшейе түседі. Олардан тері – бұлшықет, жүйке және басқа жасушалар түзіліп, зақымданған жері тез қалпына келеді. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі регенерация деп аталады. І Гидратәріздестер (гидроидтар) класы. Гидроидтар класына жататын гидра тіршілігі сендерге бұрыннан таныс. Шоғырланып, отырықшылықпен теңізде өмір сүретін обелия да гидратәріздес жәндік. Гидраны суы таза, оттегіне бай баяу ағатын өзендерден, көлдерден, тоғандардан табуға болады. Ол көбінесе су өсімдіктерінің сынып түскен бұтақтарында мекендейді. Гидра сыртай қарағанда жәндіктен де өсімдікке көбірек ұқсайды. Оның қимылдайтын қармалауыштары бар денесі, сабақшасы және бір нәрсеге бекінетін табаны болады. Гидраның 5 – 8 салалы қармалауыштары ауыз қуысының айналасына орналасады. Гидраның аузы ішек қуысына жалғасады, сондықтан да ол – ішекқуысты жәндік. Гидраның қапшық тәрізді денесі жасушалардың екі қабатынан: сыртқы қабаты – эктодерма, ал ішкі қабаты эндодермадан құралады. Сыртқы қабатында тері – бұлшықет, жүйке және атпа жасушалар орналасады. Тері – бұлшықет жасушалары – гидра денесіндегі ең көп кездесетін жасушалар. Олар бірімен – бірі жанасып, гидраның жабынын түзеді. Атпа жасушалар гидраның сыртқы қабатында орналасқан. Атпа жасушалар гидраның бүкіл денесінде, әсіресе қармалауыштарда өте көп болады. Атпа жасушалар гидраны жауынан қорғайды және сол арқылы жемін аулайды. Коректенуі. Гидра – жыртқыш жәндік. Ол суда тіршілік ететін ұсақ шаянтәрізділермен, тіпті балықтың кішкене шабағымен коректенеді. Оның бүкіл денесінде, әсіресе қармалауыштарында жауынан қорғанған және жемін аулағанда пайдаланатын атпа жасушалары болады. Тыныс алуы және зәр шығаруы. Гидрада арнаулы тыныс алу және зәр шығару мүшелері болмайды. Ол бүкіл денесі арқылы судағы оттегін ішке сіңіріп, қажетсіз көмірқышқыл газды сыртқа шығарады. Зәр шығаруы да бүкіл денесі арқылы жүзеге асады. Жүйке жасушасы. Гидраның денесіне инемен түртіп әсер етсе, ол жұмырланып, денесін жиырып алады. Мұның мәнісі: гидраның тері – бұлшықетінің астын ала көптеген жүйке жасушаларының орналасуында. Гидра судың температурасын да, онда еріген әр түрлі заттардың ерітіндісін де тітіркену арқылы сезінеді. Жүйке жасушасының сыртқы әр түрлі қимылдарға жауап беруі тітіркенгіштік деп аталады.