Ауа райының адамға әсері

Предмет: География
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Аннотация.              Мақсаты: Адамдардың  метеотәуелділігін зерттеу.            Зерттеудің болжамы: Сыныпта ауа райы сізге әсер етеме деген сұрақты талқылап пікір алмасқанда, көбінің ауа райы бұзыла бастағанда  көңіл күйі өзгеріп , жұмысқа қабілеті  төмендейтіні анықталды. Содан соң мынадай сұрақ туындады: Ауа райы басқа адамдаға әсер ете ме екен? Олардың көңіл күйлері, жұмысқа қабілеттері өзгере ме екен? Денсаулықтары ауа райына тәуелдіме екен? Біздер ауа райын 1-5 сәуір аралығында 5 күн бойы  бақылап, бұл уақыт аралығындағы ауа райы өзгерістері біздің туыстарымызға, достарымызға қалай әсер ететінін анықтау.              Міндеттері:   1.          Ауа райының элементтері мен құбылыстарына бақылау жасау: 2.          Ауа райы өзгерісінің адамға әсерін анықтау мақсатында  сауалнама жүргізу. 3.          Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасау. 4.          Метеотәуелді адамдарға арнап ұсыныcхат өнімімін дайындау  және «Бақылау барысындағы ауа райы»  фотосурет   топтамасын дайындау.            Зерттеудің кезеңдері:    Кіріспе 1.Ауа райының элементтері мен құбылыстарына бақылау жасалды. 1) Температура 2) Бұлт 3) Бұлттылық  жағдайы 4) Атмосфералық қысым 5) Жел 6) Атмосфералық жауын-шашын.   2. Әр түрі жастағы адамдар тобына  ауа райының  адамдардың көңіл күйіне, жұмысқа қабілетіне, денсаулығына әсер етуін анықтау мақсатында сауалнама жргізілді.   Қорытынды.   3. Сауалнама және бақылау нәтижесі бойынша қорытынды жасалды.            Тәжірибенің әдістемесі: ақпарат жинау, бақылау , қорытындылау , зерттеу жүргізу, өнім дайындау.                          Жұмыс  тәсілдері: - Мұғалімнен бағыт-бағдар алу; - Жоба жетекшісінен  жетіспеген ақпараттарды алу; - Ауа райына бақылау жүргізу; - Ауа райы және адамдардың метеотәуелділігі туралы әртүрлі ақпарат   көздерін іздестіру; - Фотоматериалдармен жұмыс, күнделікті ауа райын фотосуретке түсіру; - Мәтінді теру; - Сауалнама жүргізіп , қортындысын өңдеді; - Кестемен , графикпен жұмыс жасау; - Ғаламтормен жұмыс; - Әртүрлі бағдарламалармен жұмыс: Microsoft Excel (график тұрғызу үшін),     Microsoft PowerPoint (қортынды өнім дайындау үшін)             Жұмыстың нәтижелері: Өз қызметінің рефлексивті анализін жасауға , бақылау, сауалнама  жүргізуге арналған парктикалық әдебиеттерге анализ жасауға.          Ойлау қызметінің әдістері: Анализ , дәлелдеу, жалпылау, салыстыру, болған жайды анықтау.            Жобаның жаңалығы: Белгіленген кезеңде жергілікті жердің ауа райын бақылап, оның көрсеткіштерін қортындыланды. Сауалнама жүргізу арқылы адамдардың метеотәуелді екенін анықтады.            Ұсыныс:  Материалды  география сабақтарында, өлкетану сабақтарында , сынып сағаттарында, сыныптан тыс шараларда, өлкетану үйірмелерінде пайдалануға болады  және де  теле бағдарламаға өте жақсы материал бола алады.    
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 243.52 Kb
Количество скачиваний: 121
Просмотров: 324

Похожие материалы