Ауған соғысына 25 жыл толуына байланысты кеш тақырыбы: «Сұраусыз соғыс»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Ипов Жандос Каирович

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

«Благовещенка №2 орта мектебі» КММ

АӘД мұғалімі

 

Тақырыбы: «Сұраусыз соғыс»

 

 

 

Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл

толуына байланысты  кеш

Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы және онда қатысқан жауынгерлердің интернационалдық парызын өтегендігі жайлы мағлұмат беру.

Тәрбиелік мақсаты : Оқушылардың бойына Отан сүйгіштік қасиеттерін дамыту; еліне және де жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекіліктер: компютер,Ауған туралы үзінді фильм көрсету, стенд, АК-74, ГП-5, ОЗК, нақыл сөздер

Өткізілу орны: «Благовещенка №2 орта мектебі»КММ акт залы.

 

Барысы:

І. Ұйымдастырушы кезең.

«Саптал! Тіктел! Түзел!»

Бүгінгі саптық тұрыс Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 24 жыл толуына салтанаттық кешті ашық деп жариялаймын.

Соған арнайы ҚР мемлекеттік ту енгізілсін!

.... ҚР мемлекеттік әнұран айтылады.

 

АӘД мұғалімі:

Бүгінгі біздің қонақтарымызбен танысып қойындар! Ауған ардагері біздің мектеп шару-ісінің меңгерушісі Есқожин Жанат ағай, Благовещенка өрт сөндіру №11 учаскісінің бастығы Ипов Айдос ағай және де мектеп оқу ісінін менгерушісі Куркенова Г.Ж. тәрбие ісінін менгерушісі Боранбаева Т.Т

Ауған туралы фильмнен үзінді көрсетіледі.

Бүгінгі кешіміз «Ал кәнекей жігіттер!» атты сайыс түрінде 10-11 сыныптар арасында өтеді.

 

      Бүгінгі кешіміз 15 ақпан Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты 

     Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймын.....  Рахмет отырыңыздар!

  Жыл сайын 15 ақпан күні интернационалист-жауынгерлер үшін ерекше саналады. Кеңес әскері құрамында 1979 жыл­дың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпан аралығында тұтастай ал­ғанда КСРО-ның 620000 азаматы Ау­ған жерінде әскери қызметтерін өте­ді.

     Соның ішінде 22269 адам Қазақ­станнан шақырылғандар. Олардың 484-і аталмыш соғыстан мүгедек болып оралды, 761-і жат жерде құрбан болып, 20-сы із-түзсіз жоғалып кетті. Қазіргі таңда Қазақстанда Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің саны 21979 адамды құрайды.

                                                                   

                             Армысың, ауылымның адамдары.

                             Мейір гүлін шашатын маған бәрі.

                              Ащы терді аямай сендер үшін

                              Әнге қосып жүремін өзіңді әлі.

                              Сол Ауғанда талай досты жерледік,

                              Қарлы шыңға күн-тұн демей өрледік.

                              Сұрапылда ерледік те шерледік

                              Намыс туын қолдан бірақ бермедік.

 

 

 

 

Бүгінгі сайысымызда:

  1.Саптық дайындық

  2.Автоматты бұзып және жинау (уақытқа),

  3. Противогазды кию.

  4. кеудені көтеру

 Сайыскерлерді ортаға шақырамыз бірінші болып  10 «а-ә» сыныптарын бағалаймыз.

 Ортаға шақырамыз екінші болып 11 «а-ә» сыныптарын бағалаймыз

 Ал енді саптық дайындықтын балын айтыныздар.

 

Келесі сайыс атыс дайындығы.

Атыс дайындығында  оқушылар уақытқа оқу автоматын бұзып жинайды

 

Келесі  сайысымыз азаматтық қорғаныс бөлімі.

Мұнда 3 адамнан  противогаз киеді.

Кезектегі сайыс дене шынықтыру бөлімі. Мұнда 2 адамнан кеудені жерден көтеру

 

 Сіздерге арнап Зағыпаров Жандолс пен Сұлтан Әділбектің орындауында ән.

 

 

 Бүгінгі кеште біздің мектептің  оқушылары әскери қатарына алынады. Марапаттауға ауған ардагері Есқожин Жанат ағайды ортаға шақырамыз.

 Олар Байдильдин Мейрлан; Сұлтан Әділбек; Акжанов Аскер; Ескенов Алтынбек; Базар Айбек; Кантаров Алтынбек;Базаров Мади, Сапуан Аблайхан; Елемесов Бейбіт; Мурзалин Тоқтамыс; Рахметов Дамир; Батишкин Мұратбек, Кұскен Самрат. Сендер бүгіннен бастап әскери қатарға еніп отырсындар. Қазақстанды, еліңді қорғайтын азамат болыңдар! 

 Бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Қош  болындар!

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 97 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 201

Похожие материалы