Здесь была ссылка на работу Ауаның ластануы. Ауаны қорғау. автора Мыханова Баян Мейрбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау. Сабақтың мақсаты: Ауа туралы алған білімдерін кең көлемде талқылап, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрету. Міндеттері: Тақырыпқа сай міндеті. Адамның өміріндегі ауаның қажеттілігі жайында әңгімелейді. Ауаны ластаудан қорғау жолдарын іздейді. Сын тұрғысынан ойлау міндеті. Дүниетанымдық ойлау қабілеттерін өмірмен байланыстыра отырып кеңейту. Сөздік қорын молайту. Топтық үрдісіне сай міндеті: Берілген тапсырманы топта пікір алмасу арқылы орындайды. Топтастарының сұрақтарына жауап іздейді. Тәрбиелік мәні: Ауаны лас нәрселерден қорғайб алуға, тазалыққа, ұқыптылыққа, қоршаған дүниені қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Білімді тиянақтау Сабақтың типі: Дамытушылық. Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, өмірмен. Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, мақал-мәтелдер, кестелер. Бағалау: Оқушылардың белсенділігіне қарай. Нәтиже: Алған білімдерін жүйелейді, ауаны ластанудан қорғау жолдарын іздейді. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. - Оқу-құралдарын түгелдеу. - Сынып тазалығын тексеру. - Сабаққа тегіс назарларын аудару. II. Психологиялық дайындық. Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару. Қуан, шаттан қуанатын келді күн, Қуан, шаттан қуаныштымыз біз бүгін. III. Үй тапсырмасын сұрау. Балалар, үйге қандай тапсырма берілген еді? 1-топ. Ауаның құрамы (Реферат). 2-топ. Ауа қабығы. (Реферат). 3-топ. Ауа райы. Климат (Реферат) Әр топ рефераттарын қорғап шығады. V. Жаңа сабақ. А. Қызығушылығын ояту. Мағыналарын ашып түсіндіру. Ә. Мағынаны тану. Мұғалім түсіндірмесі: Өзіміздің Қызылорда облысында уран, мұнай, тұз, кірпіштер өндіріледі. Осы аталған заттардан бөлінген улы заттар елімізді экологиялық аймаққа айналдырып отыр. Зымыранның құлауы, жас нәрестелердің әр түрлі болып өмірге келуі міне ауаның ластануына әсер етіп отыр. Б. Кітаппен жұмыс. А. Дауыстап оқу. Ә. Іштей оқу, Б. Топта талқылау, пікір алмасу В. Қорытынды шығару. VI. Дәптермен жұмыс. Орман ағаштары кесілгеннен кейін қандай өзгерістер болады? - Орман жойылады - Ауа ластанады - Ағаштар қурайды Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай? - Ауа тазарады - Орман гүлденеді - Туған жер көркейеді Суретпен жұмыс. Суретке қарап әр топ эссе жазады. IV. Үй тапсырмасын бекіту. Адам өмірі үшін ауаның маңызы қандай? Ой қозғау. Жер бетіне ауа қалай таралған? Ауа-райын алдын ала болжау не үшін қажет? Оттегінің тіршіліктегі маңызы Бақылау жұмысы Аққан жұлдыздардың түсуі. Географиялық алаңда ауа-райы құбылыстарын бақылау. VII. Ой толғаныс. Оқырман жауап беретін сұрақтар. Әр топ таңдаған түстеріне қарай жауап береді? VIII. Үйге тапсырма. 1-топ. Жаңбыр не себепті лай болып жауады? 2-топ. Ауаны тазартатын қандай ағаштың түрлері бар? 3-топ. Ауаны ластамауымызға тағы не істеуге болады? Бақылау жұмыстарын жүргізіп келу. IX. Қорытынды. Өздеріңнен кейінгі оқушыларға, ата-аналарымызға, үлкен кісілерге ауа жайында не айта аламыз? «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.» – деп халық даналығы айтқандай сабағымды қорытындылаймын.