Ауылым - алтын бесігім (Экология)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Багдатова Сымбат Муратовна
|
Ауылым-алтын бесігім.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салаcы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ауылым –алтын бесігім»
Мақсаты: Ауыл туралы білімдерін кеңейту
Білімділік міндеті: Заттық суреттер арқылы сөйлемдер құрастыруға дағдыландыру; төрт түлік малды, киіз үйді, оюларды танып-білуге машықтандыру. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, диалог түрінде сөйлесуге; сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті:Тілін, сөздік қорын молайту және тілдің грамматикалық құрылысын, колдың ұсақ моторикасын дамыту,тілдің арткуляциясын жаттықтыру
Түзетушілік міндеті: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: Өз ұлтының салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қостілдік компонент: Лаборатория, орнамент, юрта, колба, пробирка
Сөздік жұмысы:Оюлар – құсқанаты, түйетабан, ботакөз, мүйіз; уық, кереге, шаңырақ, сықырлауык.
Көрнекілер: лабараторияның жабдықтары: микроскоп, колба, пробиркалар; ұлттық киімдер оюлармен әшекейлеген суреттері, жалғаспалы суреттер, проектор.
Мотивациялық-қозғаушылық
Ал, балалар тұрайық,
Қонақтарға жылы қарайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Сәлеметсіздер ме!-деп амандасайық!
Зертханаға барайық,
Ауыл жайлы білім алайық!
Ал енді жұмыс орындарымызға отырайық
Ұйымдастыру - іздестіру
Оқу іс-әрекетінің тақырыбын хабарлау
Логопед балалардың назарын келген зертханаға назар аударады
- Балалар, сіздер болашақта үлкен мамандар иесі боласыздар, біздің болашағымыз сіздердің колдарында. Біздің елімінізді көтеретін, ауылдарымызды көркейтетін сендер! Ауылым біздің алтын бесігіміз. Сондықтан, бүгін біздің зертханамызда біз аулды зерттейміз.
Логопед балалардың назарын бейнетаспаға және жайляу макетіне назар аударады.
- Мына ауыл өмірін бейнеленген көрінісі және макет арқылы біз бірінші объектті зерттейміз – ол төрт түлік мал. Бірақ алдымен біз жаттығып алайық - алдымызда өйткені көп жұмыс бар
Артикуляциялық жаттығулар
1. Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығу
Кияңқы лақ – басты айналдыру.
2. Шайнау артикуляциялық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар
Бұзаудың сағыз шайнауы- шайнауды көрсету.
Бота есінейді – ауызды кең ашып, Астыңғы жақпен айналмалы козғалыс жасау – иекпен «о» әрпін суреттеу
Құлынның ызалануы – ауызды ашып, астыңғы жақты алға созу. Астыңғы тістермен үстіңгі ерінді тістеу..
Құлынның дыбыстауы – еріннің вибрациясы
3. Тілге арналған жаттығулар
Қозы сүтті емеді – ерін жымию қалпында, ауыз ашық. Тілдің жалпақ шетін үстіңгі ерін астына келтіріп, со щелканьем отрывать.
Өткен оқу іс-әрекетінің алған білімдерін жинақтау
Ерте кезде ата-бабаларымыз ауылды жерлерде мал шаруашылық кәсібімен айналысып,малды ерекше құрметтеген. Қазігі уақытта да ауылды жерде мал шаруашылығымен айналысады.
Қазақ дәстүрінше малдардың тұқымы төрт түлікке бөлінген.
• Төрт түлік өте қадірлі, қасиетті мал.
• - Кімнің ауылда ата-апасы малмен айналысады?
• - Қандай малдары бар?
• Жылқы – ең жүйрік жануарлардың бірі, оны арба мен шанаға жегеді, мінеді, сүтінен қымыз ашытады. Жылқы етінен жая, жал, қазы, қарта, шұжық әзірлейді.
• Түйенің пайдасы мол: сүті (шұбат), терісі, жүні адам қажетін өтейді.
• Сиыр сүт береді, ал сүттен қаймақ, май, ірімшік жасайды.
• Қой – үй жануарлаларынын бірі. Оның еті дәмді, терісін илеп, өңдеп жылы сырт киім тон, ішіқ, аяқ киім де тігеді, жүннен киіз басып, пима тігеді, кілем, киіп, қолғап, мата тоқиды..
Макет бойынша әңғіме
- Макетте не көріп тұрмыз?
- Ауылда қандай малдар жайылып жүр?
- Қой, ешкі, сиыр, жылқыны бір ауыз сөзбен қалай атаймыз.
- Сиыр, ешкі, қойдан не аламыз?
- Биенің сүті қалай аталады? Түйенің сүті қалай аталады? Кім қымыз, шұбатты ішіп көрді?
- Ауылда қандай малдарды көрдіңдер
Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыруға арналған тапсырма
- .Мына үстел үстінде ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті құралдар тұр. Оның біреуі – микроскоп. Біз микроскоп құралы арқылы киімдердің оюларын үлкейтіп, атап берейік.
Сөздік қорын кеңейтуге арналған тапсырма
- Ауылдың тағамы өте пайдалы және экологиялық таза, адамдар оны өз қолдарымен өндіреді. Мысалы сиырдың сүтінен өте көп тағам жасауға болады
- Қандай сүттен жасалған тағамдар білесіндер?
Қазір біз біздің зертханамызда йогурт жасап көреміз. Ол үшін колбаға қатық кұямыз, сосын пробиркадан тәтті тосап кұйямыз, арластырамыз.
- Біз қалай йогурт жасадық?
Байланыстырып сөйлеуін дамытуға арналған тапсырма
- Келесі біздің объектіміз – киіз үй. Киіз үйді біздің халқымых ежелден колданған, өйткені біз көшпелі халық болғандықтан – киіз үй көшуге ыңғайлы. Ендігі біздің жұмысымыз - мына суреттер арқылы киіз үйді құрастыру.
Серғіту сәті
«Шаңырақ»
Керегені жаямыз
Шаңырақты көтереміз
Үықтарды шаншимыз
Киіз үйді құрамыз
Ұсақ моторикасын және құрастыру дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырма
Сендер келешекте осы қала, аулдарды көркейтетін азаматтар. Сондықтан қазірден ойланып көрейік – біздердің қолымыздан не келетінін . Мына тапсырма арқылы болашақтағы ауылдың макетін құрастырып көрейік
Рефлексивті - түзетушілік
Балалар біздің зертханамызда өткен аптада ересек тобының балалары мыңа куыршақты зерттеді, өткені бұл сиқырлы куыршақ. Бұл куыршақ сендермен сөйлескісі келеді
- Балалар сендердің зертханадағы орындаған жұмыстарың маған өте ұнады. Мен сендерге өте ризамын.
- Сендерге бүгінгі тапсырмалар ұнады ма? Қай тапсырмалар сендерге ұнады?
- Қандай тапсырмалар қиын болды?
- Сендер өте білімді, ақылды балалар екенсіңдер, менен сендерге сыйлық – бұл лупа. Бұл арқылы заттарды үлкейтіп, зерттеуге болады. Көр рахмет сендерге, сау болыңдар
Қонақтарға жылы қарайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Біз бірімен қоштасайық
Әдемі күлкімізді сыйлайық
Сау болыңыздар !-деп айтайық!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Төрт түлік малдың, киіз үйдің жабдықтарының, оюлардың атауларын.
Қандай түсініктерді игерді:Заттық суреттер арқылы сөйлемдер құрастыруын; сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуын меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, диалог түрінде сөйлесуді
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.77 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |