Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау.
Предмет: | ОБЖ |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Сагидолда Орынбек Мамиевич
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Көкшетау қаласы, жоғары техникалық мектебі» МКҚК
IV тарау. Атыс дайындығы.
4 сабақ. Автоматты (пулеметті) бөлектеу
және жинақтау.
Сагидолда Орынбек Мамиевич
ЖТМ Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-
ұйымдастырушысы.
2014 жыл
1 - курс
IV тарау. Атыс дайындығы.
§ 4. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау.
Сабақ мақсаты: а) Білімділік мақсат: Оқушылардың білімін жетілдіру, атақты конструктор
Михаил Тимофеев Калашников туралы анықтама.
ә) Тәрбиелік мақсат: Елін, жерін сүйуге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын
болуға, Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне деген
құрметті арттыруға, батылдық пен бастамашылыққа
тәрбиелеу.
б) Дамыту мақсаты: Автоматты бөлшектеу және жинақтау ретін түсіндіру,
оқушылардың кабілеттілігін арттыру.
Оқу сұрақтары:
Сабақтың технологиясы: Өзін-өзі оқыту технологиясы, СТО стратегиясы элементтері .
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, ой толғау, сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, пікірталас.
Пәнаралық байланыс: Тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд арқылы суреттер, интерактивті тақта.
Қолданылатын тех. құралдар: Интерактивтік тақта.
Сабақтың уақыты: 45 минут.
Сабақ өтілетін орын: АӘД кабинеті.
Қолданылған әдебиеттер: АӘД оқулығы 10 сынып. Авторлары: Қ .Аманжолов, А. Тасболатов, Д. Майхиев, Б. Аманжолова. 2010жыл « мектеп» баспасы.
Сабақтың барысы:
амандасу, сыртқы көрінісін тексеру, тізім бойынша түгендеу.
Кіріспе:
1 оқу сұрақ
Автоматты (пулеметті) бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.
Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.
Ұрыс автоматтарын (пулеметті) бөлектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.
Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек. Ол үшін сирақтарын серіппелі имектен босатып және оның аяқтарын бекітілген жағдайда тұрғанда ұңғыдан босату керек.
Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.
А т а қ т ы к он с т р у к т ор
М и х а и л Т и мо ф е е в и ч
К а л а ш н и к о в.
Мінездемелер
АКМ
АК – 74
РПК - 74
Ұңғы калибрі
7,62
5,45
5,45
Нақты атыс қашықтығы (метр)
400
500
600
Атудың көздеу қашықтығы (метр)
1000
1000
1000
Тура атыс қашықтығы (метр)
; кеуделік фигураға
; жүгірмелі фигураға
350
525
440
625
460
640
Атыс қарқыны минутына
около 600
около 600
около 600
Ұрыстық ату жылдамдығы (мин)
; кезекпен ату
; жекелей ату
до 100
до 40
до 100
до 40
до 150
до 40
Оқжатармен қосқандағы массасы (кг)
3,6
3,2
5,0
Сүңгі-пышақтың қынабымен қоса алғандағы массасы
450
450
-----
Оқтың ұшу қашықтығы (метр)
3000
3150
3150
Бастапқы оқ жылдамдығы
715
900
960
Оқжатар сыйымдылығы
30
30
45
5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес қару, ол қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Автоматтан автоматты (АВ) немесе жекелей (ОД) атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі.
Тактико – техникалық мінездемелер АКМ, АК -74, РПК - 74
2 оқу сұрақ.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:
1. Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады.
Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» (автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан (взводтан) босатылады.
Түнгі көздеуіші бар автоматты (пулеметті) бөлшектеу кезінде оқжатарды бөліп алғаннан соң, түнгі көздеуішті бөлектейді, ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасын сол жаққа және артқа қарай апарып, көздеуішті артқа жылжытады да, оны автоматтан (пулеметтен) бөлектеп алады.
2. Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу.
Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.
Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.
3. Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.
4. Автоматтан – ұңғылық тежеуіш компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу.
Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатордың (жалпы сөндіргіштің) орнықтырғышы батырылады.
Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қаққыштың) көмегімен бұрап алуға болады.
5. Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпашаны алады.
6. Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
7. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
8. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
9. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ каморасының келте түтігінен шығарып алады.
3 оқу сұрақ. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ каморасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.
2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.
3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайда.Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырмалы бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.
4. Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.
5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.
6. Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.
7. Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды, пулеметке – жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндіргіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады.
8.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 349.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |