Авторлық бағдарлама 11 сынып

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Түсінік хат

                     

                    Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер - білімінің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда  курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі . Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызмет зор. «Практикалық қазақ тілі» курсы бағдарламасы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, «оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерге» жасалды.Негізгі мақсаты- оқушыларды кешенді тестілеуге жүйелі түрде дайындау,қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.

 

                    «Практикалық қазақ тілі»  курсының мақсаты - ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

 

Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:

                 -оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту,

                 -тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы төменгі кластарда алған теориялық білімдерін жүйелеу:

                 -теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдеру;

                 -оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:

                 -оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;

 

                 Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 5 сағаты бақылау мен тест жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 2 сағаты қорытындыға арналған.

 

                 Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С.Кенесбаевтың, Ғ.Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» лексика,фонетика, С.Мырзабековтың «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» морфология, М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» синтаксис атты еңбектері пайдаланылды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.75 Kb
Количество скачиваний: 84
Просмотров: 206

Похожие материалы