Авторлық бағдарлама "Планиметриялық есептерді шығару"

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

      Геометрия-жаратылыстану-ғылыми пәндері мен формальды-логикалық-теорияның ерекшеліктерін үйлестіретін математиканың негізгі бөлімдерінің бірі.   Мектеп геометриясы – оқулықта берілген аксиомалар мен теоремалар ғана емес, сонымен қатар   геометриялық есептерді шешу өнері. Есептерді шешу өнері курстың теориялық бөлігін жақсы  білумен қатар,  осы курсқа енбеген геометриялық фактілерді жеткілікті мөлшерде игеруге, геометриялық есептері мен тәсілдерін меңгеруге негізделді.  Геометриялық есептерді шешу есепті шығарудың әр кезеңдерінің логикалық байланысын  түсіне отырып, нақты және жүйелі ойлануды қажет етеді. Геометриялық есептерді шешу әдістерінің өзіне тән ерекшеліктері бар: олардың  алуан түрлілігі, формальды сипаттау қиындығы, қолдану облысының нақты шекараларының болмауы т.б. Геометриялық есеп шығаруда оқушылардың   геометриялық  интуициясы , геометриялық ойлауы,    геометриялық  көзқарасы  дамиды.     Геометрия курсында стандарт түрдегі есептер көп кездеспейді, әрбір есеп  «жеке» талдауды керек етеді. Қиын есептерді шығаруда  бірнеше әдістердің комбинациясы қолданылады.  Ал  мектеп  геометриясында  бұл  әдістері  жете  оқытылмайды.  Ұсынылып  отырған  бағдарлама  бойынша  геометриялық  есептерді  шығарудың  арнайы  әдістерін  оқытылып,  оқушылардың  ҰБТ – ға  дайындығын  жақсартылып,  геометриялық  білімдер  тереңдетіледі.     Кейбір есептерді ерекше бөліп көрсету қажет (оларды тірек есептері деп атаймыз), себебі оларда керекті фактілер тұжырымдалады немесе есеп шығарудың кейбір тәсілдері  мен әдістері көрініс табады.    «Тірек есеп»  ұғымын ашатын мысал ретінде элементар геометрияның оқып жатқан курсына  енбеген  бірнеше теоремаларын  келтіруге болады:  үшбұрыштың ішкі бұрыштарының биссектрисасы  туралы теорема, шеңберге бір нүктеден жүргізілген жанама мен қиюшы туралы теорема, т.б. Бұл  бағдарлама  мектептің  геометрия  курсына  енбеген  теоремаларды  меңгерте  отырып  оқушылардың  есеп  шығару  дағдыларын  жетілдіреді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 271 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 136

Похожие материалы