Ақыл-жастан,асыл-тастан

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

"Описание материала:

Сабақтың тақырыбы: Ақыл-жастан,асыл-тастанМақсаты:Балалардың «даналық»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: -ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; -ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту; -бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар:оқулық,дәптер,слайд-суреттер

 Шаттық шеңбері:-Қайырлы күн,балалар! -Қайырлы күн, достарым!

-Мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Оқушылар бәрі бірге қосылып А.Естеновтың «Бес нәрсеге асық бол!»атты өлеңін айтады. -Өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз.

Ал бүгін ақыл,ақылдылық,сондай ак бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу. Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендердің ақылға жүгініп дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?

Мәтінмен жұмыс. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу. (аңыз) -Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?

-Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай? -Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?

-Өздеріңнің ақылдылық көрсеткен кездерің болды ма? Балалардың жауаптары тыңдалып түйінделеді.

-Дұрыс айтасыңдар.Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді,жан- жағын байыптап барып әрекет етеді.Ондай адамдар өзінің байсалдылығын,қарапайымдылығын,кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды.Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ,әкесінің де қамын ойлады.Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылады.

Сахналау." Байлық.бақыт,ақыл (ертегі) Рөлдерде: Автор-Кіріс Айнұр. Байлық-Шакерхан Жасұлан Бақыт-Мухамеджанова Жанна Ақыл-Тілеуберді Еркінгүл Данышпан-Жанәділ Әйгерім Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын көрсету мақсатында сахналау орындалады.

Ертегіні алдын ала дайындалған 5оқушы сахналап көрсетеді. Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап береді: -Бақыт,Байлық,Ақылдың артықшылығы неде екен? -Данышпан қандай ой түйіндеді?

-Данышпанның орнында өздерің болсаңдар,қандай төрелік айтар едіңдер? -Ақылды болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалып,түйінделеді.

Дәйексөз Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім мен ақыл. Ж.Баласағұни -Балалар,сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін маңыздылығын білесіңдер.Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен,ақылға жүгінбесе,өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады.Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс. Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.

Тапсырма Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына ақыл сөзін қосып оқыңдар.

1....-ды адам ерінбейді

2.Ашу – дұшпан,...-дос ....-ыңа ақыл қос.

3.....-дан жақын дос бар ма?

4..... азбайды, Білім тозбайды.

Жаңа ақпарат. Ақылды адам терең ойлап,дұрыс шешім қабылдай біледі.Ақылды болу үшін іздену,үйрену қажет.

Дәптермен жұмыс Адамды ақылды,сүйкімді,әдемі етіп көрсететін асыл қасиеттерді ойланып жазу.

Қорытындылау. -Ақылды адамның қиялы бай,ойы жүйрік,ұшқыр болады.Ондай адамды халық ерекше қастерлеген.Көп оқып,ерінбей еңбек еткен,үлкеннің тілін алған,көптің ақылын тыңдаған баланың ойы ұшқыр,үлкейгенде ақылгөй,дана болады.

Жүректен жүрекке. Оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді.Барлығы қосылып Е.Хасанғалиевтің «Келші,келші балашым!»әнін орындайды.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 676.5 Kb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 257

Похожие материалы