«Ағылшын тілін оқытуда жаңашыл технологияларды қолдану».

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Ағылшын тілін оқытуда жаңашыл технологияларды қолдану».Тіл – халықтың ең басты қазынасы. Тіл білу – байлық. Ел халқы сауатты болса, бұл әлемдік деңгейде бізге жоғары дәреже, үлкен абырой алып келері сөзсіз.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде білім ордасының алатын орны айрықша.

Білім беру ордасы — қазіргі қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Бұл балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Білім ордасын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы. Оларды парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу, сондай – ақ шәкірттеріне тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың түрлі қайнарымен сусындатып, әрбір шәкірт бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыратын және де баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытатын ол – педагог.

Педагог — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.56 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 99

Похожие материалы