«Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз» (мұғалімге көмекші құрал)
| Предмет: | Иностранные языки |
|---|---|
| Категория материала: | Другие методич. материалы |
| Автор: |
Койшыгалиева Венера Кайровна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
Тілді меңгертуде жетістікке жету жолы – оқушылардың оны қалай меңгергенін дер кезінде анықтап білу.
Ағылшын тілі сабағында әр оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, шетел тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады.
Ойын-ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін сабақ түрі.
• Ойын қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Oсы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл-ой әрекеттерін дамытады.
• Ойын тілді жан-жақты әлеуметтік қолдануда маңызды рөл атқарады.
• Ойын шеберлік мүмкіндіктерін ашады, оқушылардың танымдық және кәсіби қызығушылығының қалыптасуына әсер етеді.
• Ойын шынайы қарым-қатынас жағдайын туғызады.
Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық дамуы үшін аса маңызды екені дәлелденген. Жан-жақты ойластырылған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттыруда маңызы зор.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 58,2 КБ |
| Количество скачиваний: | 15 |