Айналу денелері. Цилиндр.Конус.

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы:Айналу денелері. Цилиндр.Конус. Сабақтың  мақсаты: Айналу денелерін түсіндіру,  цилиндр және конус айналу денелерінің қасиетері, аудандары, көлемдері формулдарын келтіру есептер шығарту.                       Цилиндр және конус туралы жалпы мағлұматтар беру. Сабақтың міндеттері:                      Білімділік. Теориялық білімін сараманда қолдана білу және                      білім-білік дағдыларын қалыптастыру.                      Тәрбиелік:Оқушыларды ұжымшылдыққа, шапшандыққа баулу.                      Эстетикалық тәрбие беру және оқушылардың сөйлеу мәдениетін   қалыптастыру.                      Дамытушылық: оқушының танымын кеңейту, ойлау қабілетін                      арттыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыру.   Сабақтың типі:Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.   Сабақтың әдіс-тәсілдері:Творчествалық ізденіс, сараман.   Сабақтың түрі:Дәстүрлі.   Сабақтың көрнекілігі:Фигуралар, оқулық, топшамалар, презентация көпжақтарга, интерактивті тақта.     Сабақтың жоспары:     1.Ұйымдастыру.                                             2.Үй тапсырмасын тексеру.                                             3.Жаңа сабақты түсіндіру.                                            4.Жаңа сабақты бекіту.                                            5.Есеп шығарту.                                            6.Үйге тапсырма.                                            7.Қортындылау.  Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың сабаққа даярлығын құрал жабдықтарының болуын қадағалау. Оқушыларды түгіндеу. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тақырып бойыншы флипчартағы дұрыс көпжақтарды ажыратқызу.Эйлер теоремасын кестеге толтыртқызу,  сөзжұмбақ шешу.слайд №4-6 Жаңа сабақ. Практикада  бізге фигураларды жазықтықта бұруға қарағанда, фигураларды  кеңістікте осьтен айналдыра бұру жие кездеседі.  Сендер күнделікті өмірде денелердің өз осінен айналуын бақылап, оған куә болып жүрсіңдер.  Мысалы, Жер Күнді айнала қозғала отырып, оз осінен де айналады. Жер Күнді толық бір айналып өткен уақыт ішінде өз осінен 365 рет айналып үлгереді. Сонымен біз бірден екі қозғалысқа қатысамыз: бір тәулік ішінде   Жермен бірге оның осінен толық бір айналым жасасақ, бір жылда Күнді толық айналып өтеміз. Слайд №7.    Цилиндр                                                                Цилиндр- айналу денесі           «Цилиндр» сөзі гректің kulindros сөзінен алынған, ол «валик» - «оқтау» мағынасын білдіреді.            Aнықтама.   Цилиндр деп тіктөртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигураны (денені) атайды.            Бізді қоршаған ортада, тұрмыста цилиндр пішіндес заттар, обьектілер жиі кездеседі: металдан жасалған бөшкелер, консерві банкалары, хоккейдің шайбасы және т.б.                         ААО1В тіктөртбұрышының ОО1 осіне параллель АВ қабырғасы цилиндрдің бүйір беті деп аталатын қисық бетті жасайды және ол цилиндрдің жасаушысы деп аталады. АО және О1В кесінділерінің айналуынан цилидірдің табандары деп аталатын өзара тең екі дөңгелек аламыз.            Егер цилиндрдің жасаушысы оның табанына перпендикуляр, яғни цилиндрдің биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады.                                                     Цилиндрдің қимасы          Цилиндрдің жазықтықпен қимасы деп жалғыз нүктеден, цилиндрдің жасаушысынан немесе табанынан өзгеше фигураны, яғни аталғандардан өзге цилиндр мен жазықтықтың ортақ бөлігін атайды. Теорема: Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы табан шеңберінің ұзындығын оның биіктігіне көбейткенге те Конус. Айналу денесі- конус. Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен  айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.     Грек. Ronos- «қарағай  бүршігі» Конус табанының радиусы   R жасаушысының  ұзындығы l  ал биіктігі H болсын. Пифагор теоремасына сәйкес бұл шамалар   l 2= R2 +H2   Теорема: Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушының көбейтіндісінің жартысына тең, яғни                    S   = πRl R- конус табанының радиусы,          l-конустың жасаушысы.                             S   =  πRl+πR2 = πR(l+R),   R- табанының радиусы,   l-конустың жасаушысы.  Конустың қимасы. 1.     Конустың қайсыбір екі жасаушысын қамтитын екі түзу арқылы бір ғана  жазықтығын жүргізуге болады. Бұл жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы боймен қиып өтеді.Егер α жазықтығы конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Sқ.кон.б.б. = πl(R+r) Теорема: Қиық конустың бүйір бетінің ауданы табан шеңберлерінің қосындысының жартысы мен жасаушының көбейтіндісіне тең Sқ.кон.б.б. = *l= *l Sқ.кон.б.б. = πl(R+r)+πR2+πr2 Мұндағы l-жасаушы, ал   r – мен  R  - конус табандарының радиустарыКөлемі Бізге призманың көлемі табанының ауданынын оның биіктігіне көбейткенге тең екені белгілі. Призма мен цилиндрдің ұқсастығынан цилиндрдің көлемі де табанының ауданы 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 109.56 Kb
Количество скачиваний: 268
Просмотров: 714

Похожие материалы