Қайырымдылық – ізгі іс
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сериккалиева Жаннур Жумабаевна
|
Қайырымдылық – ізгі іс
Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қайырымды адам қашанда тура жолда, адамгершілік қасиетте жүреді. Қазақ халқы жетімі мен жесірін жылатпаған, жандары жаралы, мүгедек жандарды өмір атты тайғақ жолдан құлатпаған кемеңгер, парасатты халық. Қайырымы кең қазақ сынды халықтың әр баласы мен әр ұрпағы қол ұшын тигізіп, көмек беруге дайын тұрған. Осындай игі істі, ізгі жолда жүрген жандардың бірі біздің мектептің оқушылары. Әр жыл сайын мектеп жанынан ауылымыздың жалғыз басты қариялары мен мүгедек адамдарына еңбек қорынан көмек беріп отырады. Қыс уақыты кезінде аула қарларын күреп, жаз айларында сыпырып, тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Сол қамқорлық айлығында біздің мектептің мүмкіндігі шектеулі екі оқушысына Үшағаш ауылының жеке кәсіпкері, «Нұрхат» қожалығының иесі Қазиева Сақыпжамал 2-сынып оқушысы Оңалбаев пен 7-сынып оқушысы Амангелдиевке киім тарапынан қысқы күрте арқылы көмек берді. Берген оқушыларды қуанышқа бөлеген, Сақыпжамал апамызға алғыс айтамыз.
«Кішіге – ізет, үлкенге - құрмет» көрсеткен қазақ баласы қашанда қариясын сыйлаған, қамқорлық танытқан. Сол қамқорықтың белгісінің бірі ауылдың жалғыз басты және еңбек ардагерлерінің үйіне көмек көрсетуге, қол ұшын беруге 5 – 9 сынып арасынан топ құрылды. Ауыл қариясы, жалғыз басты әрі мүгедектер қатарына жататын Амангелді ағайдың үйіне барып, үй-жайына қыз балалар көмек берсе, ауласының қарын күреуге ұл балалар тобы жәрдемдесті. Бұл қамқорлық айында жасалатын істің бірі. Қайырымды әрі қамқор болып ізгі жолда жүре білейік!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 1.55 Mb |
Количество скачиваний: | 22 |