Қазақ батырлары, хандары, билері.

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Қазақстан тарихы пәні

09. 12. 2014 ж

Астана қаласы №54 мектеп – лицейінің ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Индира Аманкелдиевна

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы

Сілтеме:

Әбдіғұлова Б. Қ 5 – сынып оқулығы 92 – 97 б. Тақырыпқа байланысты слайдтар

Жалпы мақсаты:

Қазақ хандарының, батырларының, билерінің өмірі мен қоғамда алатын ролі туралы өз беттерінше мәлімет алуға жетелеу.

Оқу нәтижесі:

· Оқушылар топқа бөліну арқылы мәтінді өз беттерінше оқып, топ ішінде талдайды.

· Мұғалім сабақ барысында берген білімді оқушы өзі жетістікке жететіндей бағыт алады.

Түйінді идеялар:

Қазақ хандығының мемелекеттік – әкімшілік құрылымына тоқталып, түйінді пікірлерін дәлелдеу.

Қазақ хандығының билердің, батырлардың мемелекеттік – әкімшілік құрылымының ерекшелігін талдау.

Тапсырма көздері:

1. Топпен жұмыс.

2. Жеке жұмыс.

Шығармашылық жұмыс. Интернет желісінен алынған ақпараттармен жұмыс жасау.

Жаттығулар:

1. Интерактивті тақтадағы тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.

2. Шығармашылық жұмыс істеу.

3. Топтық жұмыс орындау.

Оқуға арналған тапсырмалар:

Шығармашылық жұмыс.

http://www.Google сайтын қараңыз. « Қазақ хандары, билері, батырлары» туралы мағлұмат жинау.

САБАҚ ЖҮРІСІ

1 – тапсырма Сергіту сәті «Қызыл өрік» (5 минут)

2 – тапсырма Оқушыларды топқа бөлу мақсатында тренингін өткізу.

І топ. Қазақ хандары.

ІІ топ. Қазақ билері.

ІІІ топ. Қазақ батырлары

3 топқа бөлініп отырады. (2 минут)

3 – тапсырма

Тақырыпты ашып алу үшін ой толғаныс ретінде «Қазақ хандығы » туралы видеофильм көрсету. (5 минут)

4 – тапсырма Топтық жұмысты қорғау «ЖИГСО» әдісі бойынша

І топ. Қазақ хандары.

ІІ топ. Қазақ билері.

ІІІ топ. Қазақ батырлары

(20 минут)

5 – тапсырма. Жеке жұмыс.. «Дискуссиялық өрнек» жеке тапсырма. (3 минут)

1.тобына: . Қазақ хандары.

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге міндетті.

+

2

Ханның уәзірі болған жоқ

+

3

Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс

+

4

Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ

+

.2. Қазақ билері тобына:

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Би – әділ, шешен, ақыл – кеңес бере алатын адам

+

2

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес

+

3

Би – бірнеше рудан құралған арысты басқарады

+

4

Би – жазалау құқығына ие болған жоқ

+

3. Қазақ батырлары тобына:

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Батырлар – халық жасағын басқарды

+

2

Батырлар арасында ханға берген антын бұзғандар жоқ

+

3

Батырлар – феодалдар тобына жатты

+

4

Батырлар хан алдында жауапты емес

+

6 – тапсырма. Сергіту сәті. «Кім жүйрік?» математикалық ойын. (5 минут)

Математикалық есептерді шешіп, тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.

1. 728*2+226 = 1682 (Әйтеке би дүниеге келді)

2. 415 * 4 + 104 = 1764 (Қазыбек би қайтыс болған жыл)

3. 560 * 3 + 76 = 1756 (Төле би қайтыс болған жыл)

4. 680 + 3000 / 3 = 1680 (Қанжығалы Бөгенбай дүниеге келді)

5. 860 * 3 – 953 = 1627 (Есім хан ойрат қалмақтарын жеңді.)

6. 920 * 2 – 130 = 1710 (Қарақұмда қазақ жүздері бас қосты)

7 – тапсырма. Рефлексия (1 минут)

8 – тапсырма. Бағалау. 10 балдық жүйе бойынша.

(3 минут)

9 – тапсырма. Үйге тапсырма беру. (1 минут)

Шығармашылық жұмыс.

http://www.Google сайтын қараңыз. «Хандар, билер, батырлар» туралы ақпарат жинау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.67 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 112

Похожие материалы