Қазақ әдебиеті 9 сынып Ахмет Йасауи Хикметтері

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың  тақырыбы :       Ахмет Йасауи Хикметтері 

Сабақтың мақсаты : а)  Ахмет Йасауи    хикметтерінің мазмұнын түсіндіру,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

                                   ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

                                   б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;                                 

Сабақтың түрі :                                  аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап, баяндау ,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар, қосымша материалдар, суреттер

Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

                     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                 Үйге берілген  тапсырманы   сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

                                    б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

            Ахмед Ясауи өзінің  «Хикмат» атты өлеңінде софылық ілім негіздерін баяндайды,тұрмыс-тіршіліке тартымды кеңестер береді,байлыққа құмар болмауға шақырады,әділеттілікті жақтайды.

 Жеті жаста Арыстанбаб келді маған,

Хақ Мұстафа аманатын берді маған.

Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,

Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де.

                 Құрма беріп, мейірлене назар салды,

                 Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды.

                  Еркелете шақырып қасына алды,

                   Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де.

Сөздікпен жұмыс:   Нәпсі-ішіп-жеу,пенделік қажеттері

                                    Хақ Мұстафа аманаты-Мұхаммед пайғамбардың аманат қылып берген құрмасын айтады.

                              Мақшар күні-о дүниедегі сұрақ күні

                              Тәуба- шүкіршілік қылу

                              Ысырат көпірі- о дүниедегі қыл көпір

 

   Кітаппен жұмыс:   Ахмет Йасауи     өлеңдерін    мәнерлеп оқиды.

 

Білімді бекіту :   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Ахмет Йасауи     кесенесі қай қалада?

2. Йасауидің өмірлік мақсат-мұраты қандай?

3. Йасауи кесенесін кім тұрғызған?

4.   Ақынның имандалық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме?

 

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :    Ахмет Йасауи      өлеңдерін мәнерлеп оқып келу. 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.6 Kb
Количество скачиваний: 57
Просмотров: 203

Похожие материалы