Қазақ әдебиет. Шоқан Уәлиханов
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Каббасова Кунсулу Бастамиевна
|
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. а) Ш. Уәлихановтың еңбектеріне қысқаша шолу жасау;
ә) орыстың аса көрнекті ақын, жазушылары мен ғалымдарының Шоқанды мойындауына зер салу, олардың айтқан пікірлеріне талдау жасау;
б) ғалымның орыс достарына айтқан өз көзқарасын, азаматтық позициясын, биік мұратын, асыл идеясын ашып шығу.
2. Дамытушылық : а) оқушыларды достыққа, адалдыққа деген сенімін қалыптастыру;
ә) ізденушілігін арттыру;
б) адамдардың бір-біріне деген шексіз құрмет сезімін бағалауды үйрету;
в) өткен тарихқа үңілуді және оған қызығушылық ынтасын дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушылардың бойына тарихқа құштарлық сезімін сіңіріп, интернационализмге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, суреті, зерттеу еңбектер, қанатты сөздер
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Сабақтың мақсатын ашу
4. Жаңа сабақ
Оқушылардың назарын төмендегідей сұрақтарға топтастыру, мағлұматтар беру.
1) Ш.Уәлиханов- қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым;
2) Шоқанның хаттары
3) Шоқан туралы орыс ғалымдарының еңбектері
4) Ш.Ш.Уәлиханов шығармашылық мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы
5) Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық- публицистік, суреткерлік шеберлік белгілері;
6) Шоқан Уәлихановтың ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық- материалистік дүниетаным сипаттары.
5. Оқулықпен жұмыс.
а) оқу, сөздікпен жұмыс
ә) Жоспар құру:
1. Өмірі мен қызметі
2. Қоғамдық, әдеби қызметі
3. Ғылыми және ағартушылық істері
4. Мәңгі өшпес жарық жұлдыз
5. Ш.Уәлихановтың хаттары
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 35 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |