Қазақ әдебиетінен ашық сабақ
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жакупова Айымгуль Ерболатовна
|
Сабақтың тақырыбы: Ереуіл атқа ер салмай
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Махамбет өлеңдеріндегі өршіл рухты, романтикалық сарынын таныту, көркемдік ерекшеліктерін, мәні мен маңызын ұғындыру;
ә) тәрбиелік: имандылыққа, адамгершілікке, отан сүйгіштікке баулу;
б) дамытушылық: мәнерлеп оқуға, өлеңдерді философиялық тұрғыдан шешендікпен дәлелдеп сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Оқытудың әдіс – тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, ақынның өлеңдер жинағы, ақын суретін пайдаланған әдебиеттер, «М.Өтемісұлы» кітабы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу
- Класты түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Махамбет Өтемісұлы, өмірі мен шығармашылығы.
Зымыран сұрақтары:
1. Махамбет қай жерде дүниеге келген?
2. Қиялымолада кімнің қолымен шайқасты?
3. Исатай қай шайқаста қаза тапты?
4. Махамбеттің күйлерін ата.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Махамбет өлеңдеріндегі романтизм элементі. Махамбет өлеңдерінде кездесетін романтикалық сарын - оптимистік, прогрестік бағыттағы романтизмге тән ерекшеліктер. Әйтсе де романтикалық пафостың ең күшті, оқушыларын алға сүйреп, қияға құлаш ұруға үндейтін, көңілге ерлік, бойға қайрат берерлік өлеңдерінің көпшілігі көтерілістің алғашқы даму кезеңдеріне дәл келеді. Махамбеттің:
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашымай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат
Балдағынан қанға боялмай,
Қасарысқан жауыңа
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Ерлердің ісі бітер ме? - дейтін өлеңі, сөз жоқ, көтерілістің алғашқы күндерін меңзейді.
Жұртшылықты күреске шақыру, қарулы қимылға үндеу, келешектегі игілікке сендіру - бәрі де халық қозғалысының алдан үміт күтіп, жақсылыққа жетем деп, көзденіп тұрған кездерін аңғартады.
Тап осы өлең тәрізді, сонымен пікірлес, көп жерлері бір-біріне жақын келетін «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңі. Бұл өлеңнің шығуы туралы мынандай аңыз бар.
1837 жылғы ақырап айында болған жеңілістен кейін, Исатай, Махамбет бастаған аз адам Жайық өзені қатқанға шейін, айнала торлаған хан, сұлтан, Гекке т.б. отрядтарына ұстатпай, Нарын құмында қашып жүреді де, декабрь айының 12 күні кешке жақын Жайықтан келіп өтпекші болады.
Көк мұз. Күн бұрқасын, буалдыр. Кеш қараңғысымен қылаулап жауған қар буалдырлықты қоюлата түседі.
Іріктеліп қалған ерлер кідірмей-ақ көк мұзға ат салып, Жайықтан көктей өтеміз дегенде, линия бойындағы отряд сезіп қалып, оқ атады. Исатай, Махамбет және олардың қасында іріктеліп қалған ерлер, оққа оқпен жауап беріп, аз шығынмен өтіп кетеді. Ізін баға, қуып келе жатқан басқа отряд та осы жерде тоқтап қалады. Жайықтан өткеннен кейін боран үдетіп кетеді де, ел таба алмай, батырлар далаға түнейді. Әрі боран, әрі суық аяз, басқа пана, ішерге ас жоқ, өздері талай айлар бойы қуғында жүрген адамдар түні бойы қар жамылып, мұз төсеніп, ұйқысыз шығады. Іштерінен кейбіреулер әлсіздік білдіреді. Күрестерінің болашағы бұлдыр, келешегі үмітсіз көрініп, осы іске неге кірістіктің гөй-гөйін тартады. Осындай сары уайымға салынушылардың бетін қайтару үшін Махамбет «Ереулі атқа ер салмай» өлеңін шығарыпты деседі.
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай:
Ат үстінде күн көрмей,
Арып-ашып шөл көрмей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме? -
дейді ақын.
Бұл өлең Махамбет өмірінің ең бір ауыр кезінде, ер басына да қиын жағдай туып, барар жер, басар таулары азайған кезде шығарылған өлең. Әйтсе де бұл өлеңнен сары уайымшылдықтың (пессимизм) әлсіздігі, өмірден түңілудің дәрменсіздігі сезілмейді, керісінше, қасындағы жолдастарын да, елді де күреске шақырушылық, ерлікке үндеушілік аңғарылады.
Прогрессивтік романтизм стиліне тән ерекшеліктер қандай қиын қыстау, тар кезеңдер кездессе де мойымай, сан бөгетті бұзып шығамыз деген мақсат, аңсаған армандарға жету, жете алмаса да, келешекке қатты сену, сол ұлы арман, үлкен тілектің жолына бас байлап, күреске шығу ғой. Ендеше, жоғарғы келтірілген «Ереулі атқа ер салмай» өлеңі оптимистік романтизмге тән қасиеттерді қамти алмайды деп айта аламыз ба? Әрине, айта алмаймыз. Тап сол жерде, басқа ұрып, көзге шұқымаса да, ел үшін қандай қиыншылыққа болсын төз, ел жауы, халық дұшпанымен басың жастыққа, жамбасың төсекке тигенше күрес деген ақынның ой-пікірі оқушыларына ап-айқын емес пе?
- «Күн қайда?»
- «Алтын жасқа жарасар»
- «Мұңайма!»
- «Бағаналы терек жарылса»
1. Ақын өлеңдеріндегі көркемдегіш тәсілдерді табу.
«Білгенге маржан» қосымша мәліметтер жаздыру:
Махамбеттің 80-ге жуық өлеңі бар. Шәкірті Қуан жырау жатқа білген. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Өлеңдерін жинаған Шәңгерей Бөкеев. Ең алғаш Махамбет өлеңдері Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымарқазы уғлына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген.
ІҮ. Бекіту.
Ү. Үй тапсырмасы:
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау
ҮІ. Бағалау.

Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 238.5 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |