Қазақ халқының қалыптасуы (7 сынып)

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазақстан тарихы 7 «а» сынып

 

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы.

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Оқушыларға қазақ халқының шығу тарихын, қандай тайпалардан таралғанын, қазақ халқының халық болып қалыптасуының себеттерін, «қазақ жүздері» туралы түсінік беру.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін жеткізу, есте сақтау қасиеттерін дамыту, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету

Еңбек етуге, ізденуге, шапшандыққа тәрбиелей отырып, білімін жинақтап жеткізуге баулу және өз елін, жерін сүйюге тәрбиелеу.

 

 

Сабақ түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ауызша баяндау, кесте, оқулықпен, өздігінен жұмыс істеу.

Көрнекі-құралдар: интерактивтік тақта, слайдтар, карталар

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі,

                             2. Үй тапсырмасын сұрау, (сұрақ-жауап ретінде)

                             3. Үй тапсырмасын қорытындылау.

 

 Жаңа сабақ.

 

                   Жоспар.

  1. Қазақ халқының қалыптасуы.
  2. «Қазақ» атауының шығуы.
  3. «Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы.

 

Ертеде қазақ жерінде өмір сүрген сақ тайпалары бет-әлпеті жағынан еуропалық нәсілге, моңғолдық нәсілге бөлінеді.  

Халық- бір елдің барлық тұрғыны, тілі, тұрмыс тіршілігі, рухани мәдениеті ортақ, бір-бірімен туысқан, сыртқы бет-бейнесі ұқсас, белгілі бір жерде бірлесіп мекендейтін адамдар қоғамы.

Қазақ - “қазақ” атауы Көне түркі тілінде “еркін адамдар” деген мағынаны білдіреді.

Қазақ халқының құрамына: арғын, найман, дулат, керек, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, қоңырат, уақ, жалайыр, табын, адай

Жүз - тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі.

Ұлы жүз құрамына: жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы, қаңлы

Орта жүз құрамына:  арғын, найман, қыпшақ, уақ, керей, қоңырат

Кіші жүздің құрамына: 12 ата Байұлы, жетіру 6 ата әлімұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ халқының қалыптасуы

 

Қазақстандағы этносаяси қауымдастық Жәнібек пен Керей сұлтандар төңірегіне шоғырланды

Әдет-ғұрып,салт-саналары,діни наным-сенімдері,этникалық құрамы ұқсас болды

Әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы ыңғайлас келді.

Қазақ халқының қалыптасуы                                            ХУ – ХУІ ғасырлар

Қазақ хандығының құрылуына,қазақ халқының этникалық құрамының күшеюіне мүмкіндік туғызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты бекіту

Тест тапсырмалары.

 

Жаңа сөздермен жұмыс- «қазақ», «халық», «жүз».

 

Кестемен жұмыс

Жүздер

Территориясы

Ұлы жүз

 

Орта жүз

 

Кіші жүз

 

 

 

         Сабақты қорытындылау

 

1.      Қазақ халқы қандай тайпалардан құралды?

2.      Қазақ халқының қалыптасуының басында кімдер тұрды?

3.      «Қазақ» атауының шығуы туралы не білесіңдер?

4.      «Қазақ жүздері» сөзін қалай түсінесіңдер?

 

 

   Бағалау

 

Үйге тапсырма: & 32.Қазақ халқының қалыптасуы.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 34.64 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 148

Похожие материалы