«Қазақ халқының музыка өнері» ашық сабақ 5 сынып

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының музыка өнері»

Сабақтың мақсат-міндеттері: Білімділігі: Қазақ

халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін

аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері

мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Рухани құндылықты құрметтуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, жетондар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәслі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а/ оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

ә/ оқу-құралдарын реттеу.

б/ сабаққа назарын аудару, дайындығын тексеру.

в/ оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларды үш ауылға бөлемін:

І топ «Абай» ауылы.

ІІ топ «Жамбыл» ауылы.

ІІІ топ «Ыбырай» ауылы.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1-тапсырма: Наурыз мерекесі қалай тойланады?
  • 2-тапсырма: Наурыз көже қалай жасалады, құрамы қандай, қай кезде дайындалады? Басқа қандай ұлттық тағамдар әзірлейді?
  • 3-тапсырма: Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар өткізіледі?
  • ІІІ Жаңа сабақ:
  • Жоспар:
  • 1.Дала әуендері.
  • 2.Ұлттық музыка аспаптары.
  • 3.Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй» - деген Абайдың өлеңі, қазақ халқының жақсы ән мен тәтті

күйді жанға азық етіп ардақтаған көңіл – күйін бейнелейді.

Топтардың аттарын жаңа тақырыпқа байланысты өзгертемін. Тақтаға ұлттық аспаптар бейнеленген суреттер ілініп тұрады. Топбасшы шығып біреуін таңдап алады. Топтың аты сол суретке байланысты өзгереді.

«Домбыра», «Қобыз», «Жетіген».

Қазақ халқының дәстүрлі өнерінде ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын халық әндері
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.52 Mb
Количество скачиваний: 133
Просмотров: 368

Похожие материалы