"Қазақ халқының ән-күй өнері" 5 класс

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:

Пәні: Қазақстан тарихы

Кл: 5«а»

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ән-күй өнері

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
• Дамытушылық: рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу кабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география, музыка, әдебиет
Сабақтық көрнекілігі: Жаяу Мұса, Құрманғазы, Ақан сері, Қорқыт суреттері және домбыра, қобыз суреттері. (Психологиялық тренинг бір тілек)
Түрлі түсті фигуралар арқылы топқа болу

Үй тапсырмасын сұрау

«Теңге алу »ойыны

200-белгілі шешен билерді ата?

500- Шешендік сөз өнері дамыған ғасыр?

Қазыбек бидің жоңғар қонтайшыға айтқан сөзі?

1000-Ақын-шешендердің алғашқы ұстаз?

Мұғ: Шешендік сөз өнері қазақтың қанына сіңген ереше қасиет. Қазақ халқының шешендік өнері туралы пікір айтқан түркітанушы ғалым Радлов – «Өздерімен туыстас түркі тілдес елдермен салыстырғанда,қазақтар сөзге шешендігімен ерекше көзге түседі.

Жаңа сабақ. Оқушыларға үш музыкалық аспаптың үнін тыңдатады, композициялардың тыңдап болғаннан кейін оқушыларға тиісті сұрақтарды қояды. Бұл үшін миға шабуыл әдісін қолданады. -Сіздер нені тыңдадыңыздар? -Бұл музыкалық шығармалар қандай аспаптарда ойналған? -Не себепті біздер бүгін осы аспаптардың үнін тыңдап жатырмыз? Бүгінгі тақырыппен қандай байланыстылығы бар? Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Қазақ даласындағы ән-күй өнері. Мұғ сөзі: Ежелден қазақ халқы өнерді ерекше бағалаған. Өнер адамдары – күйші, әнші, композиторлар. Өнер – халық тарихының шежіресі. Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.

Мәтінмен жұмыс

1топ-Ән өнеріндегі тұлғалардың өмірі , әнінің шығу тарихы туралы мәлімдеме жасауы

2топ- Күй өнеріндегі тұлғалардың өмірі , күйінің шығу тарихы туралы мәлімдеме жасау

3топ Ұлттық аспаптарға хабарлама жасау.

4топ-Салт-дәстүр бойынша ән-күй өнерлерін топтастыру.

Шығармашылық тапсырма:

Мәтінді толықтыру: (авторы кім)

Батыс Қазақстан.

Шығыс Қазақстан

Орталық Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Өнерпаздар

Дина,ҚұрманғазыҚазанғап, Абыл

Біржан сал , Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Тәттімбет,Ақансері

Қорқыт

Сүгір

Ой толғаныс« Кім шапшаң» Күй анасы- Мәңгілік өмір іздеген күйші- Күй атасы - Ұлы ғұлама ғалым Ақын айтыскер Ұлы ақын

Қорытынды: Бүгінгі сабақтан алған әсерім

Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалау

Үйге тапсырма : §41 оқу түсінік

Белгілі әншілер мен күйшілердің шығармаларын жазып келіңдер

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.8 Mb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 181

Похожие материалы