"Тәуелсіздік - ел бақыты" 6 класс

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:

Жоба тақырыбы:

Тәуелсіздік –ел бақыты

Аты-жөні

Нуртаева Лаура Узакбаевна

Аумақ

Қазақстан

ЖОО орналасқан

елді-мекен

Ақтөбеқаласы

Мектеп аты:

№ 42 орта мектеп

Жобаның мақсаты:

Еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихи хронологиясын парақтай отырып, 22 жылда қол жеткізген жетістіктеріміз бен табыстарымыздың мән мағынасын ұғындыру

Жобаның

Қысқаша

мазмұны

Осы жоба арқылы Тәуелсіздік алғаннан бергі әрбір жылдарымызға жете тоқтала отырып, болашақ ұрпағымызға әр жылдардың берген тарих үшін жемісін, сол күндерге жеткізген ұлтымыздың ұлы тұлғаларының игі істерін паш ете отырып, оқушылар бойына еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті оятып, халқының тарихын,салт дәстүрін сақтауға тәрбиелей отырып,тәуелсіздік шежіресін жалғастыру болашақ ұрпақ өз қолдарында екенін жауапкершілікпен сезінетіндей сезім қалыптастыру.

Пән

Қазақстан тарихы

Класс

6 «Б»

Жоба

ұзақтығы

3 апта (Вики технологиясын меңгеру тренингін қосқанда

Жоба егізі

Білім беру стандартына сәйкестігі

Мектептегі тарих пәнінің мақсаты: оқушылардың өткен оқиғаларды оқи отырып,болашақты бағдарлай білуге, өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға дағдыландыру

Қарастырылатын тақырыптар:

«1.Тәуелсіздікке алғаш қадам басу.

2.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиыншалықтар.

3.Жеткен табыстар мен жетістіктер»

Оқыту нәтижесінде оқушылар білу керек:

●Тәуелсіздік жарияланған күн,қабылданған құжаттар

●Хронологиямен жұмыс жасай білу;

●Тарихи құжаттармен жұмыс жасай білу;

●Қосымша мәліметтерді жинақтай білу;

●Жасай білу керек:

Жеке және топпен жұмыс жасауын жоспарлай білу;

●Жазбаша, ауызша, оқиға деректермен жұмыстана білу

Дидактикалық мақсаты:

Күтілетін нәтиже

22 жылғы жеткен табыстарымыз бен жетістіктерімізді сараптай отырып,болашақта өз үлестерін ел үшін одан әрі дамытуға күш жұмсайтындай ұрпақ санасына ой тастау

Жоба яқталғаннан кейін оқушылар:

.

●Тәуелсіздіктің әр жылының берген жемісінің маңызына мән бере біледі;

●Еліміздің қандай мемлекеттермен байланыс жасап отырғандығы жөнінде толық мағлұмат алады

●Жұмысты жеке және топпен жоспарлап, бағалай алады;

●Алған білімдерін бағалай алады;

●Алған мәліметтерді талдай алады;

●Жазбаша, ауызша, құжаттармен жұмыс жасай біледі;

Жұмыс барысында үлкен жауапкершілікті сезінеді

Жобаны бағыттайтын сұрақтар

1.1991ж 16 желтоқсан күні сіз қандай күйде болдыңыз?

2.Телехабарлар арқылы Тәуелсіздіктің жариялануы халыққа қалай жеткізілді?

3.Тәуелсіздік алғаннан кейін қандай салаларға басым мән берілді?

4.Өзге ұлт өкілдері тәуелсіздігімізді қалай қабылдады?

5.Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізге көшіп келушілер көп болды ма,көшіп кетушілер ме?

6.Көрші мемлекеттердің достығы сақталып қалды ма?

Негізгі сұрақ

Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік?

Проблемалық

сұрақ

Оқу сұрақтары

1.«Тәуелсіздікке алғаш қадам басу.

2.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиыншалықтар.

3.Жеткен табыстар мен жетістіктер»

1.Тәуелсіздік бізге оңай келді ме?

2.Менің елім менің мақтанышым!

3.Болашақ Қазақстан менің көзқарасыммен

4.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда дүниеге келген көркем шығармалар

5.Тәуелсіздікті аңсап өткен қандай ақын жазушыларды білесіңдер

6.Дана билеріміздің Тәуелсіздік туралы қандай дуалы сөздерін білесіздер?

7. Менің елім - менің мақтанышым!

8. Болашақ Қазақстан менің көзқарасыммен

9 Мен еліме жасаймын

Бағалау жоспары

Бағалауграфигі

Оқушылар жоба мен жұмыс жасайды және

тапсырмаларды орындайды

Жоба

жұмысынан

кейін

●Жоба жұмысына дейін

●Топтардың жұмыс жоспарын бағалау парақтары

●Өзін-өзі бағалауға арналған тексеру парақтары

●Топтардың жұмыс жоспарларын құру, анықтау және талқылау

●Жобаның жүру барысын бақылау журналын толтыру;

●Жобаны қорғауға дайындықты бағалау:

●Жоба нәтижесін презентация, буклет және WIKI-мақала түрінде жариялау;

●Өз өздерін және бір-бірін бағалау;

●Топтар арасында пікір алмасу;

●Мұғалімнің бағалауы;

●Эксперттердің бағалауы;

●Дөңгелек үстел: жобаны қорғау;

●Ассоциация;

●Білім картасы (перфокартамен жұмыс);

●Миға шабуыл сұрақтары

●Негізгі және проблемалық сұрақтарды анықтау;

●Топтардың жұмысын бағалау критерийі;

Топтардың жұмыс жоспарларын құру.

Бағалау әдісінің сипаттамасы

Мұғалімнің бастапқы презентациясы–оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру, білім, білік және дағдыларын қалыптастыру үшін қолданылады. Бұл презентацияны қолдану барысында оқушылар мұғаліммен бірлесіп проблемалық сұрақтарды және өздерінің қай топта жұмыс жасағысы келетіндігін анықтайды.

Миға шабуыл, Ассоциация әдісі және перфокарта арқылы – Оқушылардың алғашқы түсініктерін қалыптастырып, ойларын жинақтау үшін қолданылады.

Өзін-өзі бағалауға арналған тексеру парақтары – оқушыларбұл парақты жобаны бастар алдында және қорғауға дайындық кезінде өз жұмыстарын бағалау үшін толтырады.

Әр оқушының топтағы жұмысын бағалау – оқушыларға зерттеу нәтижесіне қойылатын талаптарды және өзіне жүктелген міндеттерді нақты білуге, зерттеудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің бақылау журналы – әр оқушымен жеке әңгімелесу және олардың нақты мүмкіншіліктерін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Топтар арасында пікір алмасу – бір-бірінің жұмыстарымен танысып, өзара пікір алмасады. Өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды.

Жобаны қорғау – әр топ өз зерттеу нәтижелерін ұсынады. Бұл жерде зерттеудің құндылығы және оқушылардың аудитория алдында сөйлеу мәдениеті бағаланады.

Қажетті білім, білік, дағдылары

Қазақстанның тәуелсізідігі туралы негізгі түсініктері болуы керек;

Әдебиеттерден, Интернеттен қажетті ақпаратты іздей білуі керек;

Буклет, презентация жасай білуі керек.

Оқыту этаптары
Дайындық. (1-апта )

Оқушыларға жобалық әдіс туралы түсінік бере отырып, буклет таратылады. Одан кейін мұғалім бастапқы презентацияны қолданып, оқушылардың назарын тақырыпқа аударады және оларға сұрақ қою арқылы проблемалық жағдай туғыза отырып, негізгі және проблемалық сұрақтарды анықтайды. Оқушыларға өз қалаулары бойынша топтарға бөлінуді ұсынады. Оқушылар зерттеуге дейінгі өз білімдерін анықтау үшін өзін-өзібағалауға арналған тексеру парақтарын толтырады. Мұғалім зерттеу нәтижелерін бағалау критерийлерін ұсынады.

Жоба мен жұмыс барысы (3 апта)

Жобамен жұмысты бастар алдында мұғалім әр топқа өз жұмыс жоспарларын құруға және топтағы әр оқушының ролін анықтауға көмектеседі. Ақпарат іздеу жолдарын, зерттеудің әдіс-тәсілдерін үйретеді. Осыдан кейін оқушылардың жеке іздену жұмыстары басталады. Әр ізденуші табылған ақпараттарды топ ішінде талқыға салады. Зерттеулер жүргізеді және проблемалық сұрақтарға жауап іздейді. Алынған нәтижелерді қорғауға дайындайды.

Қорытынды.(4-апта)

Зерттеу нәтижелерін қорғау «Қазақстан тарихы» сабағында жүргізіледі. Қорғауға пән мұғалімдері, жоғарғы класс оқушылары, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарыт.б. қатысады. Жоба жұмысы белгіленген критерийлер бойынша бағаланады. Оқушылар жобаны бастарда анықталған негізгі сұраққа жауап беруге тырысады. Ең үздік жоба оқушылардың ғылыми жұмыстары байқауына ұсынылады.

Соңында мұғалім жүргізілген жұмыстарға талдау жасап, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтайды және жұмысты қорытындылайды.

Дифференциалдық оқыту материалдары

Тапсырманы нақтылап беру, көмек көрсету, мұндай оқушы жобадағы өзінің қажеттілігін, жетістікке жете алатындығын сезінуі керек. Жобамен жұмыс нәтижесі жұмыс көлеміне, мазмұнына, оқушының даму деңгейіне сәйкес келу керек.

Оқу материалдарын қиын меңгеретін оқушы (қиын оқушы)

Дифференциалдық оқытуға сәйкес оқушыларға деңгейлік тапсырмалар (күрделірек) беру керек (оқушының мүмкіндігіне, қызығушылығына сәйкес). Мұндай оқушылар жоба барысында терең зерттеулер жүргізуі мүмкін, жүктелген міндеттерді артығымен орындайды.

Дарынды оқушы

Зерттеу жұмысы бойынша кітапхана, мұражайлардан қосымша мәліметтер жинақтап, буклет, слайд жасау

Жобаға қажетті материалдар және ресурстар

Әдебиеттер,Тарихи деректер,интернет

Технология-құралдар

Фотоаппарат, компьютерлер, интерактивті тақталар, принтер, сканер, видеокамера, проекциялық жүйе, интернет.

Программалық жабдықтар

  • Қазақстан тарихынан әңгімелер,Тарих толқынында,Қазақстан тарихы әдістемелік журналы,Газет журналдар

Текстік редактор (MS Word), презентациялар дайындау редакторы(MS PowerPoint), суреттерді өңдеу программалары, Веб-браузер.

Интернет-ресурстар

Жобамен жұмыс барысында арнайы мамандармен немесе ата-аналармен кеңес беруді ұйымдастыруғаболады.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.94 Mb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 126

Похожие материалы