Қазақ халқының қол өнері мен шеберлері

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Бейнелеу өнері  6-сынып  12.04.2014 жыл. Сабақтың тақырыбы: Қазақ  халқының қол өнері  мен шеберлері. Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларға қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнердің ерекшеліктерін түсіндіру. Сыр бойындағы қолөнер шеберлерінің шығармаларымен таныстыру және насихаттау.  Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық қолөнеріне деген қызығушылығын арттыру, ой-қиялын дамыту. Тәрбиелік: Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнерді түсіндіре отырып, оларға кәсіби бағдар беру. Эстетикалық тәрбие беру. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу өнері Сабақтың көрнекілігі: Қазіргі заманғы қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар: торсық, қамшы, қалқан, құрақ көрпешелер, зергерлік бұйымдар, аяққап, сандық, т, б. Типі: Жаңа білімді меңгеру Түрі: Дәстүрлі сабақ Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгіме, сарамандық жұмыс, сөзжұмбақ шешу. Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу ә) оқушыларды түгелдеу б) Сабаққа даярлығын тексеру 2. Өткен сабақты пысықтау - Балалар, өткен сабақта «Қазақ халқының қолөнері мен шеберлері» деген тақырыпта сабақ өткен болатынбыз. - Қане, айта қойыңдаршы, сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесіңдер? Ағаш өңдеу Киіз басу Тоқыма Құрақ құрау Ши тоқу Тері өңдеу Сәндік қолданбалы өнер Тігін өнері Керамика Сырмақ сыру Зергерлік бұйымдар Ою-өрнек - Ал осы қолөнерімен айналысатын адамдарды кім деп атаймыз? Қолөнер Ұста Зергер Ісмер Шебер 1. Ұста – қару жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен айналысатын адам. 2. Зергер – алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам. 3. Шебер – ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам. 4. Ісмер – ұлттық киімдер мен бұйымдар тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам. 3. Жаңа сабақ а) Баяндау Бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келе жатыр. Ұлттық қолөнер салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсетуде. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі дамыту, оны бүгінгі ұрпаққа меңгерту-игілікті іс. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді, қабілеттерінің жетілуіне, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі. Қолөнер-біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ол бірнеше ғылымдардың дамуынан пайда болған өнер туындылары. Қолөнер кәсібі еліміздің экономикасын көтеруге ықпал етеді. Қазақ халқының қолөнері әлем халықтарына мақтанышпен көрсететін көрме. Оған дәлел-біздің киіз үйіміз бен оның ішіндегі көз жауын алатын сәндік қолөнер бұйымдарын тамашалаған шетелдіктер «Киіз үй-қазақ халқының шағын мұражайы» деп бағалаған еді. Қазіргі кезде қолөнері қарқынды дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде. Қазіргі заман суретшілері мен қолөнер шеберлері тері, ағаш, сүйек өңдеудегі ескі технологияларды меңгеріп, қайта жаңғыртуда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркем
Тип материала: Неизвестен (jpg)
Размер: 1.35 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 172

Похожие материалы