Жануарлар мүсіні

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Бейнелеу өнері   1- сынып  15.02.2014 жыл. Сабақтың тақырыбы:  Жануарлар мүсіні. Балықтар. Сабақтың мақсаты : Білімділігі:  Оқушыларға  балықтардың тіршілігі, олардың сыртқы құрылысы туралы оқушыларға түсінік беру, мүсінің жасауға үйрету  Дамытушылық: Оқушылардың  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.  Тәрбиелік: Оқушылардың қиялдарын, көркемдік , шығармашылық қабілеттерін дамыту.  Сабақтың түрі:аралас сабақ  Сабақтың көрнекіліктері: балықтар суреті,балықтарды жабсыратын шаблон.  Қажетті құралдар: ермексаз, тақташа  Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі.  1) Сабаққа дайындықтарын тексеру  -Балалар,казір бізде бейнелеу өнері сабағы.Қанеки оқу-құралдарымызды реттеп сабаққа дайындалайық.  2) Ойын «Түсті нүктелер»  Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Мен түрлі түсті магниттерді бір қатарға тізіп жапсырамын. Сендер сол ретін естеріне сақтандар, ал одан кейін араластырып жіберемін. Сендердің міндеттерін сол алғашқы ретімен қайтадан орнына келтіру.  II. Жаңа сабақ  1) Сабақтың мақсатын жариялау  Ендеше,бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендерге және өзіме сәттілік тілеймін.  - Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?  - Үй және жабайы жануарлар.  - Үй жануарларын атап беріндерші?  - Ал жабайы жануарлар?  Жақсы. Балалар, бүгін біз мүсін өнерімен танысамыз. Мүсін - бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсін - кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма.  Бейнелеу өнерінде жануарларды бейнелесек - ол анималистік жанр болып табылады. Анималистік жанр (лат. anіmat — хайуанат деген сөзінен шыққан) — графикадағы, кескіндемедегі, мүсіндегі жан-жануарлар бейнеленетін мәнер. Қазақстан суретшілері А. ж-да елеулі шығармалар берген. Мыс., Ә.Қастеев “Бие сауу” (1936), Ә.Ысмайылов “Дала жайрандары” (1972), С. Айтбаев “Жайлаудағы түйелер” (1976) картиналарын осы жанрға жатқызуға болады.    -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін біз мына сөзжұмбақты шешуіміз қажет.  Қанаты бар ұшпайды,  Жұрт айламен ұстайды. (Балық)  -Тамаша.Қанеки хормен шыққан сөзді оқып жіберейікші.(Балық)  -Ендеше біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Жануарларды мүсіндеу.Балықтар«екен. 2) Жаңа сабақты түсіндіру  Мұғалімнің түсіндірмесі  Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету)  1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады.  2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.  Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.  3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттар
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 44.97 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 186

Похожие материалы