Қазақ хандығы және Тәуелсіз Қазақстан

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазақ хандығы және Тәуелсіз Қазақстан

Барлық игіліктерден ең ұлы- тәуелсіздік

Отан дегеніміз не? Отан сөзі- әр адамның жанына жақын , жүрегіне жылы тиер сөз...

Қазақ халқы ғасырлар сарғайып күткен Тәуелсіздік бізге қалай келді? Қазақ хандығының негізін құраған Керей мен Жәнібектен бастап Тәуке, Абылай елдің іргесін шайқалтпай, мемлекет ретінде нығайту жолында көп еңбек сіңірді. Азаттық үшін жоңғар шапқыншыларымен қиян кескі шайқасып , «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны » басынан өткізді. Бұл Тәуелсіздік үшін күрестің алғашқы жолы болды.

Көшпелі халық бола, үш жүзге бөліне тұра, есіл ерлер ел намысын, жер намысын жауға бермеді, ұрпағын құл етпеді, жерін аман –есен сақтап қалды. Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Ағыбай мен Қарасай , Наурызбай сынды батырлар ел тағдыры жолында жандарын пида етіп, отаршылдық езгіге қарсы ақыл –ойларын , қажыр-қайраттарын қазақ халқының тәуелсіздік күресіне, елдің мұраттарына аямай күш жұмсады.

Қаншама қиындықты басынан өткізседе, өз жерін жау қолына бермей жоңғар шапқыншылығынан әлсіреген Қазақ хандығы алдымен Ресей патшалығына кейіннен Кеңес үкіметіне тәуелді болды. Осы жылдар аралығында қазақ халқы жүздеген ұлт-азаттық көтерілісті басынан кешірді. Тарихта өшпестей аты қалған Исатай мен Маханбет, Сырым Датұлы, Кенесары осындай көтерілісті бастап, азаттық үшін жанын құрбан етті.

Қаһарман бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдырған аумағы жағынан дүниежүзінде тоғызыншы орынды еншілеген ең басты байлығымыз – киелі жеріміздің шекарасын мықтап бекітіп, көз алартқан дұшпандарымыздың көмейіне құм құйған кемел саясаткер Елбасымыз бар бақытты халықта - бізбіз

Кеңес заманында да отаршылдық саясаттың құрбаны болған қазақ халқы атамекенінің біраз жерінен айрылды. Ата- бабам жерінде атом бомбалары сыналып, қазақтың ұлы даласы экологиялық қауіпті аймаққа айналды.

Қазақ мектептері жабылып , халық өз ана тілінен, мәдениетінен айрылуғажақын қалды. Қаншама қазақ қуғын-сүргін құрбаны болды, қаншасы жан сауғалап , шетел асып кетті. Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев сияқты қазақтың ұлы зиялылары елі үшін, халқының бостандығы үшін құрбан болды.

Міне, қазақ халқы бүгінгі Тәуелсіздікке осындай азапты басынан өткеріп, жетті. Тәуелсіздікке жету қиын болса, Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекетке оны ұстап тұруда оңай емес. Бірақ Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көріпкел саясатының арқасында 20 жыл ішінде қазақ елі бір ғасырлық жетістіктерге қол жеткізді.

Ең бастысы- елімізді мекендеген ұлт өкілдеріне емін-еркін күн кешуіне , өз тілін дінін, мәдениетін , салт-дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін құрметтеуге мүмкіндік берілді. Біздегі халықтар достығы аңызға айналды. Семей полигоны жабылды. Елбасымыздың ұсынысымен елорда Алматыдан Астанаға көшірілді.

Бүгінгі күні Астана өзіндік тарихы бар әсем шаһарға айналды. Астана десе көз алдыңа әйгілі «Бәйтерек»,Ақорда, Пирамида, Конгрессхолл, «Хан шатыры» елестейді. Ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілді. Бүкіл Қазақстан бойынша қазақ мектептері есіктерін айқара ашты. Қазақ балалары өз ана тілінде білім алуға, елінің тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік алды. Мен- Қазақстанның бақытты ұланымын десем артық болмас. Біз, жас ұрпақ – Қазақстанның болашағымыз.

Бүгінде біз жан-жақты білім алудамыз. Білімді азамат- Қазақстанның келешегі. Біз ұлы Абай «Сен де бір кірпіш дүниеге , кетігін тап та , бар қалан» дегендей, терең білім алып, еліміздің дамуына, биіктерге самғауына атсалысуға міндеттіміз.

Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық , қымбатымыздай құрметтей білейік.Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді асқақ бола берсін. Еліміздің елдігіміздің белгісі- көгілдір туымыз , қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін!

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 36 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 118

Похожие материалы