Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні:Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Сыныбы: 11

Тақырыбы: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Тарих сахнасына тұңғыш көтерілген Қазақ хандығының іргелі ел болу саясаты, басқа хандықтармен дипломатиялық-саяси байланыстары, елдің ішкі жағдайын тұрақтандырудағы жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылығы: Сабақ кезеңдерінің өзара байланыстылығын қамтамасыз ету. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюын қазіргі таңдағы тәуелсіздік идеяларымен ұштастыру.

3.Тәрбиелігі: Тұңғыш қазақ мемлекетінің шаңырағын көтеріп, оны нығайту жолында орасан зор еңбек сіңірген қазақ хандығының өнегелі тарихи қызметіне баға бере отырып оқушыларды ұлттық тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек-Керей портреттері, түрлі кестелер,карточкалар.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ (пікірсайыс,баяндама)

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу. б) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

а) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?

ә) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

б) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

в) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?

г) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды.Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 8.23 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 138

Похожие материалы