Қазақ поэзиясының Хантәңірі 7 сынып

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Мақсаты: білімділік - Мұқағали өмірімен таныстыру, шығармаларының мазмұнын ашу, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, әнін нақышына келтіре орындауға дағдыландыру; тәрбиелік - қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу;

дамытушылық - поэзиялық шығармаларда музыкалық үн-ырғақты сақтау

1-Жүргізуші:Ақын, поэзияның Хантәңірі М. Мақатев туған күніне арналған кешімізге қош келдіңіздер! Биыл ақын атамыз тірі болса 82 жасқа толар еді . Хантәңір етегінде Қарасаз мекенінде, Қарасу жағасында, Шәлкөде даласында ХХ ғасырдың ұлы ақыны 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келді. Шын аты - Мұқамедқали. Мұқағали деп өзі өзгерткен.

2-жүргізуші: Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан. Ол биік адамгершілікті де, достықты да, бауырмалдықты да, табиғатты да, махаббатты да, тіл мен тәуелсіздікті де жырлаған.

Өмірге бір-ақ келген асыл едің,

Теңіздей тебіреніп тасып едің.

Сағымға еніп кеткен кемедейсің,

Аралап ХХ ғасыр елін.

Өмірін өлеңменен өрген ақын,

Тағдырдың тапшылығын көрген ақын.

Қазақтың қасиетті қара өлеңі

Жалғаса береріне сенген ақын! – деп толғана еске алады кейінгі ұрпақ. Кейінгі ұрпағының өзін ұмытпай жыл сайын еске алатынын сезіп кеткен ақынды әулие демеске шараң жоқ. Уақыт өткен сайын мәртебесі биіктей беретінін бүгін тағы да танытпақпыз.

Жанұзақов. С «Мен таулықпын» өлеңі

1-жүргізуші: Таудай едің таудың алып тумасы,

Қарапайым қазақ едің турасы.

Қыр басында неге шөгіп жатырсың,

Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.

2-жүргізуші: Сырым да осы,

Жырым да осы

Алдыңда.

Байқашы бір,

Быксыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

1-жүргізуші: Халыктың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Мұқағали - қазақ әдебиетінде қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға. Ақынның туған жылы, жері, отбасы туралы Хайруллин Рысбек айтады.

Табиғатына тартып туған акынның асқар таулардай биіктігі, Шалкөде жайлауындай кеңдігі, Қарасаз шалғынындай шалкыма көнілі туған жердің қасиеттілігінен бе деп қаласыз?!

2-жүргізуші: Мұқағалидың балалык шағы соғыс жылдарымен сәйкес келген. Болашақ акын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жалғыз біткен жалбыз еді.

Мінеки, он ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді.

Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз акын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

Ән: "Сәби болгым келеді" Рахымова Жанеркенің орындауында

1-жүргізуші: Анасы Нағиманның айтуынша Қарасаздың Шәлкөде жағы саздау екен де, сазда қаз-үйрек жақсы өседі екен. Шешесінен екі қаз сұрап алып, пошта машинасын айдайтын орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттер алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды окып, белін буып дайындап қояды екен. Міне ақын осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген екен. 10-сыныпты бітірген соң өте сауатты, өткір болғандыктан, ауылдық кеңеске хатшы болып қызмет істеген. Осы қызметте жүргенде мектепке орыс тілінен мүғалім таппай, ауыл басшыларының өтінішімен орыс тілінің мұғалімі болып орналасады. Ол мектепте оқып жүрген кезінен кітап оқуға қүмар болған. Оқулықтармен коса үйіне әдеби кітаптар жинауды әдетке айналдырады. Қазақ ауылында туып өскен, қазақ мектебінен білім алған Мүқағалидың орыс тіліне аса сауаттылығы жастайынан орыс тіліндегі әдеби кітаптарды көп оқып, өзін-өзі жетілдіруінің арқасы екен. Кейін ауылдан Алматыға көшкенде де екі машинаға артқан жүгі осы қимас досы, білімнің көзі том -том кітаптар болады.

Акынға не керек болды бұл өмірден? Өмірді соншалык сүйген жанның өмір жайлы толғанбауы мүмкін емес.

Самиғалиева Қ "Өмір жайлы " өлеңі

Ән: "Есіңе мені алгайсың". –Сапиуллин Сержан.

2-жүргізуші: Иә, Мұқағали - ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге үялайды.

1-жүргізуші: Мүқағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мүңлы поэзия.

Тапалова С "Поэзия" өлеңі

2-жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр түлғалы.

Біреулер түлпар еді дер ме мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-түрманы, - деп ақын өзі жырлағандай жарык дүниедегі аз ғүмырының мэңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сиякты. Ол туралы естеліктер жазылып жатыр, элі де жазылады.

Әжесі Тиынның естелігінен. Айдана.

Ақынның атасы көкпар тартыпып жүріп аттан құлап аяғы сынады. Ел-жүрт оны аттың алдына өңгеріп, аяғын салбыратып экеледі. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде, эжесі атасына "Мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек" дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, акынның батыл әжесі аяқты шауып тастап, жуып, таза шүберекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бэрін дүрыс істегендігін айтып батасын береді. Бэйбішесінің мінезіне қарап атасы (Мұқағалидың әжесін) "Көкдауыл" дейді екен. Әжесіне арнап ақын "Сөнбейді, әже, шырағың" деген өлеңін шығарған.

1-жүргізуші: Кезінде Нүрғиса Тілендиев өз естелігінде былай деген екен: "Бірде Мұқағали, эйелім Дариға үшеуміз қыдырып келіп, күрең шайды рахаттана ішіп отырғанда көңілденіп кетіп әйеліме "Дариға, домбырамды берші маған" деппін. Қиядағыны көзбен шалатын Мұқағалиға әлгі сөз эсер етіп, эсем жырды төге салды да, "Енді осыған эн жазыңыз, аға!" деді. Сөйтіп тамаша эн дүниеге келді..

Ақынның жары Лашынның естелігінен.Инабат.

"Мүқағали кірпігі эрең қимылдап ауруханада ақырғы сэттерін күтіп жатты. Әбден арыған, сөйлеуге шамасы жоқ, сол қалпымен жатып, ақырғы күшін жинап соңғы рет тілге келді: "Лашын, такси экел. Одаққа барайық... Балаларым жас еді. Бітпеген жүмыстарым бар еді..." деп сыбырлап әрең-эрең айтып шықты. Сөйтіп Мүқаң өзінің сүйікті Жазушылар Одағына элдене айтқысы келіп жатып жан тэсілім етті.

Хайруллунина Рысгүл. « Шыда» өлеңі

2-жүргізуші: Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа, - деп дарынды ақынымыз жырлағандай, өлеңдері көркем қуатымен, еркелігімен халқының жүрегіне жол тауып жатты. Сондай өлеңінің бірі - экеге арнау өлеңі.

Бекқалиев Ә "Әке" өлеңі

Мұхтар Н «Әкеме» өлеңі

1-жүргізуші: Ғашыкпын,

Шын ғашықпын, сол адамға!

Мен болмасам болмайын, сол аман ба?

О, Тэңірім, неткен жан ед кайрылмайтын,

Жүрегі еттен бе, элде коладан ба?! -деген сыршыл ақынның жастық алау шағында жазған махаббат, ғашықтық жайындағы өлеңдер топтамасы бір арнаға тоғысады.

Рысқалиев С «Ғашықпын » өлеңі

2-жүргізуші: Махаббат па, элде баска сезім бе?

Сезінбедім сол бір сэтте өзім де.

Қысқа өмірдің қызғылықты сэтінің

Негативі элі менің көзімде.

"Махаббат диалогы " Сырым мен Жанарке.

1-жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жүртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мүқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп өзі жырлағандай өлеңдері де, өзі де ешкашан өлмек емес.

2-жүргізуші: Байғазы етіп байлаған халқым маған,

Менің де бір күйім бар тартылмаған.

Менің де түғырдағы қыраным бар,

Аскар шың, аспанды аңсап шаңқылдаған.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 44.6 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 160

Похожие материалы