Қазақ тілі, 2 - сынып. «Мәтіннің түрлері»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
1) Бірінші мәтін бойынша жұмыс - Мен сөз жасырдым. Бұл сөз екі сөзден құралып тұр. Бір таңбалы сан + адам дене мүшесі = суда тіршілік ететін жәндік. Жауабы: сегізаяқ (интерактивті тақтадан сегізаяқтың суреті және мәтін көрсетіледі.) Ендеше бірінші мәтін «Сегізаяқ» деп аталады. - Бұл мәтін не туралы? – Тақырыбы қалай аталады? Мәтіндегі сөйлемдерге қандай сұрақтар қоюға болады. (Оқушылар жауабы: - Сегізаяқ не істейді? - баяу қозғалады.– Жауын көргенде қайтеді?- құтылып кетеді. Аяқтарын төмен салбыратса не істейді? Ұйқыға батады, ұйықтай береді - Яғни осы аталған сөздер бұл мәтіндегі тірек сөздер. Осы тірек сөздер мәтіндегі сөйлемдер арасында байланыс жасап тұр. Бұл мәтіннің - әңгімелеу түріне жатады. Себебі, бір оқиғадан соң екінші оқиға айтылады. (Сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды. Егер құрылымы бұзылса мәтінде не туралы айтылғанын ұғу қиын болады.) Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі: 1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді. 2) Тірек сөздері - етістіктерден болады. 3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады. Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады. (1 - тірек - сызбада көрсету) Әңгімелеу мәтінін түсінгендерін байқау. Ақбөкен Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ - тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Қауіп төнгенде пысқырып дауыс береді. - Бұл мәтіннің қай түрі? 2) Топпен жұмыс. – Осы мәтіндегі тірек сөздерді табыңдар.( мекендейді, жайылады, қарауыл қарайды, дауыс береді) 3) Екінші мәтінмен жұмыс. Оқулықпен жұмыс «Лашын»(70 бет) - Мәтінге сұрақты қалай қоюға болады? – Мәтінде лашынды қандай деп сипаттайды? - Лашын қандай құс? - Оның арқасы, алқымы қандай? - Көзі қандай?- Қанаты қандай? Бұл - сипаттау мәтіні. Сипаттау мәтінінің ерекшелігін өздерің тауып айта аласыңдар ма? (Әр топтың жауабын тыңдау). Сипаттау мәтінінің ерекшелігі: 1) Сөйлемдер заттың түр - түсін, қасиетін суреттейді. 2) Сипаттау мәтіні « Қандай?» деген сұраққа жауап береді. 3) Тірек сөздер – сын есімдерден болады.( 2 - тірек - сызбада көрсету)
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.31 Kb
Количество скачиваний: 52
Просмотров: 166

Похожие материалы