Қазақ тілі "Етістіктің жіктелуі"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі

Сабақтың мақсаты: Сөз таптарын еске түсіру. Етістік туралы білімдерін

тереңдету. Сөйлемдегі сөздерді жіктеу барысында

жекеше, көпше түрде талдау жасау. Көркем жазуға

төселдіру.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, синхрондық карта.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық дайындық

2.Еске түсіру анықтамалары

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.«Сәйкестендір» Бағдар сызық арқылы жүйесіз орналасқан сөздерді сәйкестендір

5.«Балық сызбасы» арқылы жұмыс

6.Үш жақта (жекеше, көпше түрде) жазу

7.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазу

8.Шығармашылық тапсырма

9.Үйге тапсырма

1.Психологиялық дайындық (1-слайд)

Қара достым жан-жаққа

Дайынсың ба сабаққа?

Орныңда ма қараңдар

Кітап, дәптер, қаламдар.

Қарадық біз жан-жаққа

Дайынбыз біз сабаққа

Орнында тұр барлығы

Сабақты бастай берейік

2. Ендеше балалар еске түсіру анықтамасымен жұмыс жасап жіберейік (2-слайд)

а) Сөз таптарына нелер жатады?

Зат есім Сын есім Сан есім Етістік

ә) Зат есім дегеніміз не? Мысалы:

б) Сын есім дегеніміз не?Мысалы:

в) Сан есім дегеніміз не? Мысалы:

Не білу керек: (3-слайд)

Етістіктің түрлерін, олардың жіктелуін білу;

Не істей білу керек:

Етістіктің түрлерін,жақтарын ажырату, жаттығу барысында талдай білу;

3.Жаңа сабақты түсіндіру (4-слайд)

Олай болса біз етістіктің түрлерін олардың дара, күрделі, болымды, болымсыз екенін білеміз. Алдағы уақытта етістіктің жіктелуі туралы білімдерімізді толықтырамыз.

Ереже: Етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атаймыз. Қазақ тілінде сөздер ІІІ жақта жіктеледі. І- жақ мен, ІІ- жақ сен, сіз, ІІІ-жақ ол бұлар жекеше түрі. Ал көпше түрде І-жақ біз, ІІ-жақ сендер, сіздер, ІІІ- жақ олар. Олай болса мына сөздерге көңіл бөлейік. Интерактивті тақтадан көрсету.

Септіктер:

Атау Кім? Не?

Ілік кімнің? Ненің? –дың, -дің, -тың, - тің,-ның, -нің

Барыс Кімге? Неге? Қайда? –ға, -ге, -қа, -ке

Табыс Кімді? Нені? –ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті

Жатыс Кімде? Неде? –да, -де, -та,-те

Шығыс Кіммен? Немен? –нан,-нен,-тан,-тен,-лан,-ден

Көмектес Кіммен? Немен? –мен, -бен, -пен

2.1. Дара және күрделі етістіктерді тап (5-слайд)

Мен оқыдым. Мен біліп отырмын.

Сен оқыдың. Сен біліп отырсың.

Ол оқыды. Ол біліп отыр.

2.2. “Балғаның әні”

Балға деген баламын,

Шегені тік қағамын.

Ал қисықты табамын

Түзетудің амалын.

Істен қалмай тысқары,

Қуантамын ұстаны.

Жіңішкертіп жуанды,

Ұзартамын қысқаны

4.Дәптермен жұмыс (6-7 слайд)

3.1«Сәйкестендір» Бағдар арқылы жүйесіз орналасқан сөздерді сәйкестендір. (8-слайд)

Мен кітап отырсыз.

Сендер аналарыңды келдіңіздер.

Сен тақта алдында шығарып салдыңдар.

Сіз автобуста сөйлеп тұрсың.

Сіздер қаладан айтып тұрмыз.

Біз ән оқып отырмын.

3.2.Берілген сөздерді «балық» сызбасының тиістісіне қойып,орналастыр, түріне қарай ажырат.

келдім, келе жатырмын, жаздым, жазып отырмын, көрдім көріп тұрмын.

4.1. Үш жақта (жекеше, көпше түрде) жаз. (9-слайд)

Әжем туған ауылға

Әкем туған ауылға

Тұңғыш келе жатырмын

Туыстарды мұндағы

Көрген жоқпын туғалы

Тұңғыш келе жатырмын

Қандай ауыл алдымда

Нендей қызық бар мұнда

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 250.5 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 152

Похожие материалы