Қазақ тілі мұғалімінің оқыту туралы есебі
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Елеусузова Алина Мухитовна
|
Тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар әр сыныптың оқулығы негізінде құрылған. Күнделікті сабақ жоспарлары тақырыптық – күнтізбелік жоспарларына сүйіне отырып құрылған.
Мемлекеттік тілдің жанашыры болғандықтан, мемелекеттік тілді меңгерту барысында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі пәні мен әдебиеті оқытудың технологияларын қолдану арқылы, тілді сапалы үйретудің тиімді жолдарын құрастырудамыз. Мемлекеттік тіл ұғымын ұлағатты қалыптастырып, білімді жүйелі түрде меңгерулеріне және тіл үйренушілердің қабілет деңгейлерін дамыту жолында М. Жампеиісованың «Модульдік оқыту технологиясын» және Қараевтың «Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясын» қолдануда.
Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында қолданатын көрнекіліктер мен техникалық құралдары: перфокарталар, үлестірмелі кәртішкелер, үш деңгейлік тапсырмалар қолдануда. Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуіне, тілдерін дамытуда жаттығулар орындалады. Олар: диалог құру, мазмұндама жазу, мәтін оқу, аудару, мәтінге жоспар құру. Сөздік қорларын дамытуда: жаңа сөздерді түсіндіру, сөйлем, сөз тіркестерін құру, мақал – мәтелдер, өлеңдер жаттау арқылы іске асыруда.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.22 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |