»Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында, сыныптан тыс шараларда оқушыларға патриоттық тәрбие беру»
Предмет:
Иностранные языки
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Отарбаева Алмаш Чаймардановна
Здесь была ссылка на работу »Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында, сыныптан тыс шараларда оқушыларға патриоттық тәрбие беру» автора Отарбаева Алмаш Чаймардановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруді қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында, сыныптан тыс, сабақтан тыс шараларда өз туған жері, Отаны, туған елі туралы тақпақтар, өлеңдер жатқа айту арқылы, қазақ халқының салт - дәстүрлерін, ұлттық ойындарын сахналық қойылымдар арқылы беруге болады. Шаралар орыс тілді мектептерде жүргізілетін болғандықтан, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуына, балалардың өздерін сахнада, сыныптастары алдында ұстай алуына көп назар аударылады. Шараларға дайындалу барысында мұғалімдерге көмекке сынып жетекшілері, ата - аналары келеді. Ата - аналары ұлттық киімдер дайындауға, шараларды фотоға, бейне таспаға түсіруге көмектессе, сынып жетекшілері ертегі қойылымдарына жаттығу жасауға көмектеседі. Себебі әр сынып жетекшісі, егер екі сынып конкурсқа түскен жағдайда, өз оқушыларының жеңіске жеткенін қалайды. Патриотизмге тәрбиелеу кез келген сабақта, әсіресе Тәуелсіздікке орай, Наурыз мерекесіне орай және т.б.өткізілетін шараларда көрініс табады. Оқушылар осындай шараларға қызыға қатысады. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшіісі ретінде Наурыз мейрамына орай өткізілген шаралардан үзіндіні назарларыңызға ұсынып отырмын.