Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Ел тәуелсіздігінің 23 жылдық тарихында туған тілдің тұғырын биіктетіп, мәртебесін арттыру мәселесі әрқашан басты әрі маңызды мәселе болып көтеріліп келеді.         Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде»,-деп тұжырымдады. Ал, қазақ халқының тіл келешегі –бүгінгі мектеп оқушыларында. Бүгінгі таңда қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мәселесі, орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәселесі деп бөліп, жаруға болмайды. Қандай тілді мектеп болмасын, негізгі талап – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап ,кез-келген ортаға тез бейімделетін ,белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу.         ҰБТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.         Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі.Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.19 Kb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 167

Похожие материалы