Қазақ тілі пәнінен 8-сыныпқа арналған «Ыбырай Алтынсарин.Зат есім» тақырыбында ашық сабақ жоспары
Предмет:
|
Химия
|
Категория материала:
|
Конспекты
|
Автор:
|
Қожахметова Әсел Арапқызы
|
Здесь была ссылка на работу Қазақ тілі пәнінен 8-сыныпқа арналған «Ыбырай Алтынсарин.Зат есім» тақырыбында ашық сабақ жоспары автора Қожахметова Әсел Арапқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
«Ы.Алтынсарин. Жалқы және жалпы зат есімдер» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Зат есім туралы түсініктерін қайталап, жалпы және жалқы зат есімдерге тоқталу. Жалпы және жалқы есімдерге тапсырмалар орындау арқылы бекіту. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру. Тәрбиелік: Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесі арқылы еңбектенуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: қайталау сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО әдісі («Миға шабуыл» стратегиясы, топтастыру әдісі,ой шақыру, инсерт әдісі),СКТТ (фонетикалық,морфологиялық әдіс). Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал – мәтелдер, семантикалық карта,ватман,қарындаш Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1) амандасу 2) кезекшімен сұхбаттасу, сыныпты түгелдеу ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Психологиялық дайындық. - Сабағымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінейік. Үстелден ұнаған смайликтерді таңдап алыңдар. (Смайликтер бойынша топқа бөлінеді. ) ІV. Жаңа сабақ. 1-слайд. -Балалар, біз Ыбырай Алтынсарин туралы өткен сыныптарда таныстық. Енді Ыбырай кім, қандай адам болған, қандай игілікті істер атқарды? Осы туралы ойымызды жинақтайық . Топтастыру әдісі. Ы.Алтынсарин кім? · Қазақ балалар әдебиетінің атасы · Ақын · Жазушы · Аудармашы · Ұстаз · Оқулық авторы 2-слайд. «Миға шабуыл» стратегиясы Ы.Алтынсарин туралы сұрақтар қойылады. 1. Ы.Алтынсарин қай жылы, қай жерде өмірге келді? 2. Атасы Ыбырайды неліктен бауырына басып тәрбиеледі? 3. Ы.Алтынсарин қазақ балалары үшін қандай еңбек сіңірді? 4. Ең алғашқы оқулығы қалай аталады? 5. Ақынның қандай шығармаларымен таныстыңдар? 3-слайд. Торғай қаласында ашылған алғашқы мектеп 4-слайд. Ы.Алтынсариннің алғашқы оқулығы 5-слайд. Ы.Алтынсарин мұражайы 6-слайд. Ы.Алтынсарин ескерткіші Дәптерлеріне күнді, тақырыпты жаздырту. 7-слайд.(Қаңтардың жиырма сегізі Сынып жұмысы Ы.Алтынсарин. Жалқы есім мен жалпы есім) 8-слайд. Берілген сөздерді бір бағанға жалқы есімдерді, бір бағанға жалпы зат есімдерді көшіріп жазыңдар. Жалқы есім жалпы есім Қостанай, мектеп, әңгіме,ақын, «Әке мен бала», Ыбырай Алтынсарин, «Өзен», балалар. - Жалқы,жалпы есім болып қай сөз табы бөлінеді? - Зат есім дегеніміз не? - Жалпы есім деген не? - Жалпы есімдер – бірыңғай заттардың, құбылыстардың аттары, мысалы адам, өзен, қала, бала, т.б. - Жалқы есім деген не? - Жалқы есімдер – жеке кісілердің аттары, тегі, жер, су атаулары, басылымдардың аттары, шығарма аттары, мысалы Алматы қаласы, Мойнақ, «Орал өңірі» газеті, т.б. 7-слайд.Мәтінмен жұмыс. Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесін оқып шығып,әңгіменің атын табу, төмендегі тапсырмаларды орындау:1-топқа тапсырма Ø Мәтінді орыс тіліне аудару. Жаңа сөздерді теріп жазып, аудармасын табу. 2-топқа тапсырма Ø Мәтін мазмұнын қағаз бетіне түсіру.Тақырыбына байланысты мақал-мәтел ойластырыңдар. · Кең болсаң- кем болмайсың. · Байлықтың атасы – еңбек, анасы – же 8-слайд. -Әңгімені бекітуге арналған мақал-мәтелдермен жұмыс. Интерактивті тақтада мақалдың алғашқы жолы жазылып тұрады, келесі жолын оқушылар табады. 1. Еңбек етсең ерінбей, ... (Тояды қарның тіленбей) 2. Досы көпті жау алмайды ... (Ақылы көпті дау алмайды) 3. Еңбек түбі – береке ...(Көптің түбі – мереке) 4. Еңбекпен табылған тамақ тәтті...( әрі сіңімді болады). 5.Еңбек –қуаныш, жалқаулық ...(айырылмас азап) 9-слайд.Жазбаша топтық жұмыс 1 – топ: Еңбекпен сөзіне СКТТ бойынша математикалық тәсілмен фонетикалық талдау 2 – топ: Дәулетіңіз сөзіне СКТТ бойынша сөз құрамына талдау Еңбекпен 1. Берілгені: еңбекпен = =? 2. шешуі: 80=3 (3е )/5 (ң,б,к,п,н) 3. Тілдің қатысына қарай: а)3 =(3е) жіңішке 0жуан жақтың қатысына қарай: ә) 3 =(3е) ашық 0 қысаң еріннің қатысына қарай: б) 3 =(3е) езулік 0 еріндік 4. 5 = 2 (к,п)қатаң+1 (б) ұяң 2 (ң,н) Жауабы: 80=3 (3е )/5 (ң,б,к,п,н) 10-слайд. Семантикалық картаны толтыру № V. Бекіту: “Бес жолды өлең” стратегиясы. «Жазушы» сөзіне бес жолды талдау жаса. VІ.Қорытынды: INSERT әдісі бойынша Білемін Білгім келеді Үйрендім VІІ. Үйге тапсырма: Даланың дара ұстазы” атты тақырып бойынша шығарма жазу VІІІ. Бағалау.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
155.86 Kb
|
Количество скачиваний:
|
83
|
Просмотров: 288
Похожие материалы