Қазақ тілі пәнінен "Етістік" тақырыбы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:  Етістік

Сабақтың мақсаты:

·        Етістік туралы алдыңғы сыныптарда алған білімдерін қайталау; етістіктердің қимылдық ұғымдарды білдіретін мағынасы мен сұрақтары туралы біліктерін тереңдете түсу; етістіктің негізгі, туынды, болымды, болымсыз түрлерін еске түсіру.

·        Жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін ары қарай жетілдіру.

·        Халық ауыз әдебиетін сүйіп оқуға  тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың барысы:

 Етістік туралы бұрынғы алған білімдерін еске түсіру.

Түрлі сөйлемдерді талдау арқылы оқушылар заттың қимыл, іс әрекетін білдіретін сөздер етістік деп аталатынын естеріне түсіру. Етістіктерге сұрақ қою арқылы олардың сұрақтарын қайталау және сөйлем ішінде етістіктерге сұрақ қоя алу дағдыларын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу  ауызша орындалады. Өлеңді мәнерлеп оқытқызғаннан кейін, қазақ халқының тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болғаны айтылады. Халық ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырларының көпшілігі  мал туралы екені еске түсіріліп, оқушылардан қандай өлеңдер білетіні сұралады. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік бере кету керек. Өлең талданғаннан кейін, оқушылар етістіктерді тауып, дара немесе күрделі етістік екенін ажыратады. Бұл жаттығу арқылы дара, күрделі етістіктердің жасалу жолы түсіндіріледі. Мұндағы дара етістіктер:жорғалаттым, тақтым. Күрделі  етістік: еңіреп бақтым, сидаң қақтым, жылап бақтым.

 

Дара, күрделі етістіктерді естеріне түсіргеннен кейін 2-жаттығу тапсырмаларын орындап, күрделі етістікті дара етістікке айналдырады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.32 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 134

Похожие материалы