Қазақ тілі пәнінен күнтізбелік жоспар

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін дамыта, қорытындылау. Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырмаларды орындау;
2. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;
3. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес «Бестігіміз аналарға» шығармашылық сабақ
Принциптері: бірізділік, жүйелілік, ғылымилық.
Әдістері: қорытындылау, сұрақ - жауап, тест, ойындар.
Көрнекілігі: слайдтар, сюжетті суреттер, жауап парақтары,

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Анаға да сіз,
Балаға да сіз
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
С – тобы: «Аналардың жүрегін аялайық» шығармалары бойынша «Бір айналым сөйлесу», Б - тобы Сурет ойынша құраған мәтіндерінен бір айналым сөйлесу,
А - тобы – бір - бірін жұптап тексереді.
3. Бекіту жаттығулары:
«Бинго» ойыны.
Сұрақтарға жауап алу.
- Зат есім деген не?
- Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?
- Жалқы есім деген не?
- Жалпы есім деген не?
- Кім? Кімдер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Не? Нелер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Етістік деген не?
- Зат есімнің жекеше түрі деген не?
- Зат есімнің көпше түрі деген не?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.25 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 86

Похожие материалы