Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Балаларға арналған сыйлықтар. Тұйық етістіктің септелуі. (7-сынып)
| Предмет: | Иностранные языки |
|---|---|
| Категория материала: | Рабочие программы |
| Автор: |
Масалимова Гаухар Аскарбековна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сабақтың мақсаты:
· Оқушылардың сыйлық, балаларға арналған сыйлықтар туралы білімдерін толықтыру, жүйелеу.
· Тұйық етістіктің септелуін меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
· Балаларға арналған сыйлықтар тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
· Қазақша тілдік қатынасты еркін игерту, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.
· Өзге ұлт өкілі балаларының қазақ тілінде дұрыс айту, жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой-өрісінің дамуына көмек көрсету.
· Ұжымда жұмыс істеуге баулу.
· Эстетикалық тәрбие беру.
· Тұйық етістіктің септелуін меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте,топтастыру стратегиясы, интерактивті тақта, (слайд), тапсырмалар жазылған кеспелер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, деңгейлеп оқыту, миға шабуыл, топтастыру стратегиясы, аудирование.
Күтілетін нәтиже:
· Сыйлықтар туралы әңгімелеу
· Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана білу
· Ойларын ашық айту
· Тұйық етістіктің септелуін меңгеру
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 346,5 КБ |
| Количество скачиваний: | 75 |