Қазақ тілі пәнінен "Сөйлем мүшелері" тақырыбындағы сабақтың жоспары және презентациясы (4сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Амиртаева Мейрамкуль Нурмухановна
|
тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1.Сөйлем мүшелері туралы білімдерін тереңдету. Сөйлем мүшелерін ажырата білуін,сөйлемнің мәнін терең ұғып,мағынасын аша білуге үйрету.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын ,ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Әдемі жазуға,мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек-сызба, ребус шешу.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек-сызба, мақал –мәтелдер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі,
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік. 1-оқушы дауыстап мәнерлеп айтады
Қазақ тілім,өз тілім, ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым дара тілім.
Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып оты- «Қонақ аз отырып, көп сынайды» - деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгісабақта білімімізді көрсейік. Қонақтармен амандасып, сабағымызды бастайық.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
-Бүгінгі сабағымыздың жоспары тақтада жазылып тұр.
-Мына жоспармен жұмыс істейміз.
1. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»
2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
3. «Еңбек түбі береке»
4. «Бойы сергектің ойы сергек»
5. « Кімнің ойы жүйрік?»
6. «Білгенге маржан,білмегенге арзан»
7.«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
Алдымен үй тапсырмасын тексеру.
II. Үй тапсырмасы: 26-жаттығу.
Сызба бойынша сөйлем құрап жазу.Оның жай және құрмалас сөйлем екенін анықтап айту.
1.
2.
3.
Бірінші жоспар «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей тірек-сызба арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз.
-Өткен сабақтарда қандай тақырыптармен танысып едік?
-Сөйлем
Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
-Жай сөйлем,құрмалас сөйлем.
-Жай сөйлем дегеніміз не?
-Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
-Екі немесе одан көп жай сөйлемнен құралған сөйлем.
Сөйлем
Жай сөйлем Құрмалас
Келесі жоспар бойынша «Жұмыла көтерген жүк жеңіл».
III.Жаңа сабақ
Жұмбақ жасыру
Мамықтай ақ,
Қанттай аппақ, Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)
— Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
— Қар қай кезде болады?
Қыста.
Қыстың жағымды, жағымсыз жақтарын айтыңдаршы?
Слайдпен көрсету.
Қыс
Жағымды
Жағымсыз
Суретпен жұмыс. Қыс туралы сурет.
— Балалар суретке қарап әңгіме құрындар.
Қыс келді. Балалар шаңғымен сырғанады.
1-сөйлем қандай сөйлем? –жалаң.
-Не себептен?
2- сөйлемдерің ше? –жайылма сөйлем. Неліктен?
-Себебі құрамында тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелерде бар.
Олай болса балалар, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді - сөйлем мүшелері деп атаймыз.
Дәптермен жұмыс.
-Бүгінгі күннің ретін, тақырыпты жазамыз.
-Қыс туралы сөйлемдеріңді тақтаға жазыңдар.
-Тақтаға жазылған сөйлемдерімізді дәптерлеріңе жазып алыңдар.
-Барлығымыз жұмылып бірге жаңа тақырыпты аштық.
Кестемен жұмыс.
Сөйлем мүшелері
?
Тұрлаусыз
Бастауыш
?
?
?
не істеді?
неғылды?
қайтті?
Келесі жоспарымыз бойынша «Еңбек түбі -береке» демекші өз беттеріңмен еңбектеніп жаттығу орындаймыз.
31-жаттығу.Жатқа жазу.
-Сөйлем мүшелеріне талдау.
-Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.
«Бойы сергектің ойы сергек» демекші
Сергіту сәті
« Кімнің ойы жүйрік?». Ребус шешу.32-жаттығу. Шешуіндегі сөзбен сөйлем құрау.
Слайд көрсету.
-Бір сөздің екі сөйлемде екі түрлі қызмет атқару себебі неде?
-Екінші сөйлемде неге сызықша қойылған?
«Білгенге маржан,білмегенге арзан»
«Ойлан,тап» ойыны. 34-жаттығу.
Мақпал төрт сөзден құрылған бір сөйлем ойлап жазыпты.Оның бастауышы-қазақ халқынан шыққан ақынның аты, келесі сөзі- кәрі сөзіне қарама-қарсы сөз,үшінші сөзі- білім сөзімен қосарлана айтылатын сөз. Ал баяндауышы – үндеді (үндеу) сөзіне мәндес.
Мақпалдың жазғаны қандай сөйлем? Абай жастарды оқуға шақырды.
- Cөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
IV.Бекіту.
Суретпен жұмыс.
Отбасы суреті.
-Суреттен кімдерді көріп отырмыз?
-Бұл суретті жалпы қалай атауға болады?
-Отбасы
-Отбасының басында кім тұрады және оның мүшелері кімдер?
Отбасы
әке бала шеше
Сөйлем құрамындағы сөздердің қызметі де отбасына ұқсайды.Сөйлемнің басында бастауыш тұрса ,соңында баяндауыш тұрады.Олар тұрлаулы мүшелер деп аталады.Ал тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі ойды толықтырып тұрады.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
V. Қорытындылау.
-Бүгін біз не үйрендік?
-Сөйлем мүшелері туралы не білеміз?
-Сөйлем мүшелерін атап шығайық.
VI.Үйге тапсырма: 33-жаттығу.Сызба бойынша «Мұз айдынында» тақырыбына әңгіме құрап жазып келу.
VII.Оқушыларды бағалау.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 7.11 Mb |
Количество скачиваний: | 29 |