Презентация "Табиғатты аялайық"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер:
Армысың қайырымды Жер - Ана,
Армысың, мөлдір таза су
Армысың шұғылалы Алтын - Күн
Армысың мейірімді Аспан - Ата
Мұғалім:- Біз қазір неге ұқсап тұрмыз?
Оқушылар: - Күнге
Мұғалім:- Иә балалар жер бетіндегі тіршілік атауының қайнар көзі – күн.
Ол бізге не үшін керек?
Оқушылар: Күн бізге жарық, жылу береді
Мұғалім: Бәріміз күнге қолымызды созайық!
Күннен не алдық?
Оқушылар: Жылу алдық
Мұғалім: Осы күннен алған жылуымызды бір - бірімізге таратайық
- Балалар жылдың қай мезгілі?
Оқушылар: Қыс
Мұғалім: Қыс айларында күн қандай болды?
Оқушылар: Қыс айында күн суық, аяз, боран және қар жауды
Мұғалім: Табиғат дегеніміз не?
Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау - бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.64 Mb
Количество скачиваний: 1568
Просмотров: 2106

Похожие материалы