ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Предмет:
|
Другое
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Кудербаева Жулдыз Сеилкановна
|
Здесь была ссылка на работу ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ автора Кудербаева Жулдыз Сеилкановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Сондықтан болар бүгін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жаңаша Кембридж Университетінің оқыту жүйесін негізге ала отырып, білімін көтеру басталды. Білім беру мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланысты. Біз де осы бағдарлама бойынша 3 деңгейлік курсынан өтіп, алған білімдерімізді оқушылардың өз білімдерін мен сенімдері жайында ойландыра, сұрақтар қоя отырып, білімін толықтыруға жұмсауға, яғни біз білім беру және білім алудағы стратегияларды қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) мүмкіндік алдық. Әр оқушының өз болжамдарына күмәнмен сыни тұрғыдан ойлай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін терендетіп, алған білімдерін сабақтан тыс қолдана білуіне көмегімізді тигізу. Біздің алдымыздағы тұрған міндеттеме – құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу. Біздің түсінігімізше, құзырлы маңызды фактор мұғалімнің оқушының өз бетімен тақырыпты меңгеруін, түсінуі және өз іс- әрекетін, білімін бағалай алуы болып табылады. Дәстүрлі сабақ беру барысында оқушы сыныпты мұғалімнің территориясы деп таныған. Барлық мұғалім сабақты өзі түсіндіріп, ережені өзі қорытып, қорытынды жасап, оқушыны ойлау қабілетінен айырған. Осындай әдіс – тәсілдің нәтижесінде оқушы сабақта салғырт, немғұрайлылық танытып, білімге деген құштарлығын жоғалтудың аз – ақ алдында қалды. Оқушылар тек баға үшін ғана оқитын болды. Олардың мақсаты -күнделікті азғана жинақтаған білімдері бағаланса болғаны. Күнделікті сабақ алдыңғы сабаққа ұқсас, қызықсыз өтетінін түсіндік. Оқушылар өз ойларын жеткізуге қорқатын, әрі тырыспайтын жағдайға жетті. Кейбір оқушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе алмайды. Осыны қорытындылай отыра, біз оқытудың білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдерін, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім берудегі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, талантты және дарынды оқушылармен оқыту және жұмыс жасау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық сияқты сабақтарда қарастыратын жеті модульдің идеясын таңдап алдық. Оқытудың жаңа түрінде оқушы өте маңызды роль атқара алады. Олар достарымен қарым – қатынас арқылы белсенді түрде білімдерін жинақтайды. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға. Оқушылар алған ақпараттарын синтездеу қабілетін, ақпараттың шынайлығын салыстырмалы түрде ойлана білу қабілетін дамыту үшін қолданылған әр түрлі Венн диаграммасы, Оқи отырып, түртіп алу, Инсерт, Білемін, білдім, білгім келеді, Рондель, Синквейн, Шығармашылық матрица стратегиялары оқушылардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыруда. Осы арқылы ойды қозғату, ояту жүзеге асады.Тіл үйрету- белсенділікті талап ететін іс-әрекет Топтау, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Болжау стратегияларында жинақталып, оқушыға өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, сыныптасымен бөліседі, тобында талқылайды, яғни, айту, өз ойын бөлісу, талқылау, ортаға салу арқылы оның ойлау қабілеті дамиды, өз бетінше ойлауға бірте-бірте жетіле бастайды. Оқушы жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастыруға үйренеді. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін сыныптастарынан сұрап алуға үйренеді. Осыған орай, Бес жол өлең, Сематикалық карта, Еркін жазу, Т кестесі сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап қолдануға тырысып жүрміз. Әр сабақта барлық стратегияларды қолдану мүмкін еместігіне көзіміз жетті, өйткені бұған тілдік кедергі, уақыт факторы кедергі келтіреді. Тілдік кедергіні жою үшін белгілі тақырыпқа диалог, сөздік жұмысын интерактивті тақтада Шымылдық әдісімен тексеру, осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрау, қазақ тіліне тән әріптерді айтып, оларға дыбыстық сипаттама беру сияқты жұмыс түрлерін кеңінен қолданып жүрміз. Рас, жаңа форматты сабақ беру тәжірибеміз бір- ақ жыл, алайда сабағымызды жоспарлау барысында біз оқушының қандай жетістік қол жеткізетінін және сабақ жоспарлау барысындағы кемшілік, олқылықтарды болжап, оларды жоюды қарастыру жолдарын үйреніп жүрміз..
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
51 Kb
|
Количество скачиваний:
|
15
|
Просмотров: 144
Похожие материалы