Қазақ тіліне үйретуге байланысты дидактикалық тапсырмалардың маңызы.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Акишева Балайым Жансеитовна
|
Қазақ тіліне үйретуге байланысты дидактикалық тапсырмалардың маңызы.
«Дидактика – баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері»
Я.А.Каменский
Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-жабдықтары, нəтижесі. Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нəтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау).
Адамның дүние туралы түсінігі алғашында анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл –ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлау, сұрақ -жауап тәсілдері қолданылған. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы –тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. Осыған орай, сабақтың бірден бір белсенді өтуіне себепші, оқушылардың өз деңгейін көрсетуге ықпал ететін құралдың бірі- тақырыптың мазмұнына сәйкес жасалған дидактикалық материал болып табылады. Дидактикалық материал – сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнің көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі (көп жағдайда карталар, кестелер, мәтіндері, цифрлары және суреттері бар карточкалар, реактивтер және т.б.). Дидактикалық материалдар – үлестірмелі материалдар, әр баланың қабілетіне қарай, өткен тақырыпты үлгере алмайтын оқушыларға қосымша үлестірмелі материалдар, аралас сабақ материалы, үй тапсырмалары, ұзартылған күн тобының тапсырмалары, бақылау жұмыстары, сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық,жарты жылдық, жылдық), дидактикалық ойындар болып бөлінеді. Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады. Дидактикалық материалдар ретінде дидактикалық ойындарды қолдану оқушылар үшін өздерін еркін сезінуге, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін көрсетуге ұмтылдырады. Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы: олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады. Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Дидактикалық тапсырма түрлерін сабақтың әр кезеңінде орны мен мақсатын анықтап, қолдану теориясы мен практикасын мұғалім алдын ала дайындап отыруы тиіс. Дидактикалық тапсырмалар сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелілік маңызы да арта түседі.
Қабілеттілік, дарындылық, логикалық икемділік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес. Оқушының қабілеті педагогтардың ықпалының аясында шыңдалады.
Дидактикалық тапсырмаларды орындау баланың ақыл – ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды жаттығуларды орындауға, өздігінен жұмыс істеуге, алған білімін өмірде қолдана білуге, ізденімпаздыққа, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге қалыптастырады.
Тілдік жұмбақ, ребустар, сөзжұмбақтар, сөзтізбектер – ой әрекетті дамытады. Мұндай тапсырмалар оқушының пәнге деген ынта ықыласын арттырып, тапсырмаларды өздігінен орындауға итермелейді, логикалық ой - өрісін дамытады.
Дидактикалық тапсырмалар - оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыратын, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын бір тәсіл. Дидактикалық тапсырмалар арқылы қазақ тілін меңгерту барысында оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуін дамытуға басты назар аударылады. Мұның себебі, оқушыларға тілдің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық заңдылықтары мен ережелерін үйретумен қатар, олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында туындайды. Сондықтан қазақ тілін дидактикалық тапсырмалар арқылы меңгеру барысында мынадай негізгі талаптар ескерілуі қажет:
1. Оқу жоспарына сай дидактикалық тапсырмаларды қолдану жолдары;
2. Дидактикалық тапсырмалардың дамытушылық әсерінің себептері;
3. Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;
4. Дидактикалық тапсырмалар арқылы тілдік материалдарды игерту әдіс-тәсілдері;
5. Дидактикалық тапсырмаларды оқушылардың танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;
6. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары;
7. Дидактикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары;
8. Қазақ тілі заңдылықтары мен ережелерін дидактикалық тапсырмалар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізетіндігі.
Қорыта айтқанда, дидактикалық материалдар оқушылар мен білімгерлерді өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді. Қазақ тілін дидактикалық тапсырмалар арқылы игерту жұмыстарын деңгейлік дәрежеде жүзеге асырудың маңызы зор. Деңгейлік тапсырмалар -оқушылардың білімі мен қабілетін жетілдіруге арналған сатыланып дамитын жұмыстар жүйесі. Бұл жұмыстарда мұғалім әрбір оқушыға жеке-жеке тапсырма беріп, оның жеке тұлғалық қабілетін арттыру процесін барлық уақытта өзінің назарынан тыс қалдырмайды.
Пайдаланылған әдебиет
1 . Хуторской А.В. Современная дидактика.
2. А. Н. Джуринкский. История педагогики. –
3. В. И. Загвязинский. Теория обучения. Современная дидактика
4. Б. А. Тұрғынбаева. Дамыту оқыту технологиялары
5. Дидактика средний школы.
6. А. В. Хуторской. Современная дидактика. Учебник
7. Е. Сағындықұлы. Педагогика. – Алматы, 1999.
8. Ю. П. Азаров. Отбасы педагогикасы. –
9. В. А. Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. –
10. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі.
11.«Қазақ Энциклопедиясы», 5т. 12.Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. 13.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. 14. http://magistr.kz/referat/show/6675/54/1 15. Дидактикалық ойындар А.В.Фаркоф Айрис-Пресс 2007.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.21 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |