Қазақ тілінен ашық сабақ

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:Табиғатты қорғау – қасиетті іс

Сабақтың мақсаты:

 1) Білімділік: Оқушылардың    өткенді қайталап, жаттығу жұмыстары арқылы пысықтау; Қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;
2) Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
3) Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, ізгілікке тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс:   биология

Көрнекіліктер: үлестірме қағаздар, кесте, тақырыптық сурет,   бейнематериал..

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемәтсіңдер ме.

Қазір қай жыл мезгілі?

Бүгін наурыздың нешесі?

Қандай күн?

Бүгін сыныпта кім жоқ?

2.     Психологиялық дайындық- Балалар,бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса,бәріміз бірге қонақтармен сәлемдесейік.

                 Жақсы оқып сабақты,

                 Әдеп сақтау- сәніміз.

                 Сәлем бердік сіздерге,

                 Басты иіп бәріміз.

-Сабағымызды сұрақ- жауап тәлім сәтінен бастайық.

-Әрбір адам?-туыс, дос

-Әрбір сабақ?- үйрену,ұғу

-Әрбір ісің?-тірлік,бірлік

-Әрбір сөзін?- шындық,адалдық 

-Олай болса, балалар,бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.

-Өткен сабақта біз сендермен экология туралы сабақ өттік. Еске түсірейік.

II.Үй жұмысын тексеру: «Ыстық үстел» ойыны арқылы үй жұмысын тексеру (бір оқушы орындыққа отырады, қалған оқушылар оған сұрақтар қояды)

А) сұрақ- жауап арқылы үй жұмысын тексеру.

1. Алғашқы рет экология деген ұғымды қай ғалым енгізді?

2. Экология мағынасы қандай сөзден шыққан?

3. Экология қандай ұғымды білдіреді?

4. Экологиялық тәрбие қайдан басталады?

5. Экология неге үйретеді?

6. Финляндияда нелерді кеспейді?

7. Экология неге жол бермейді?

8. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты не?

9. Экологиялық білім нені көздейді?

10. Қоршаған ортаны қалай ұстау керек?

III. Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту

(видеоролик табиғат туралы)

-Балалар,сендер,не туралы көрдіңдер?  Дұрыс, бұл бейнематериал табиғат туралы. Сендер қалай ойлайсыңдар бүгін сабақта не туралы айтамыз? Дұрыс, бүгін сабақта табиғат жайлы сөз қозғаймыз. Сонымен сендердің ойынша сабағымыздың мақсаты қандай екен? (оқушылар өздері сабақтың мақсатын айтады.)

1) жаңа сөздермен жұмыс

Сөздерді дауыстап айтады

Жаңа сөздермен сөз тіркестер құрастыру

Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру

Жаңа сөздерді сөздікке көшіру

Қасиетті іс

Көзін ашу

Ойын балалары

Ересек

Тіршілік

Өсу

Таптау

Тыйым салу

Түсіну

2) мәтінмен жұмыс

Тізбекпен оқу

«Инсерт» тәсілі арқылы мәтінмен танысады

+ таныс

-  таныс емес

V- жаңа ақпарат (оқушылардан жауаптарын сұрау: не таныс, таныс емес және жаңа ақпарат)

Сұрақтар құрастыру (оқушылар сұрақтар құрастырып, бір- біріне сұрақтарды қояды және жауап береді)

Ой толғау

3) Тапсырма:әр қатарға тиісті тапсырмалар беріледі:

І қатар (интерактивті тақтада) мәтінді пайдаланып, сөйлемдердің дұрыс, бұрысын анықтаңдар.

 

дұрыс

бұрыс

1.Табиғат пен адам – біртұтас.

2. Бұлақтардың көзін ашу ешкімге керек емес.

3. Су бар жерде- тіршілік жоқ.

4. Бұлақтардың көзін ашсаңдар, өмір – тіршіліктің де көзін ашасыңдар.

5. Үлкендер шөпті жұлуға, таптауға тыйым салмайды.

6. Жақсылығы да, жамандығы да адамның өзіне айналып соғады.

 

 

 

ІІ қатар (үлестірмелі карточка беріледі,сол карточкада орындайды)

Көп нүктенің орнына баяндауыштың дұрыс нұсқасын жазады.

1. Табиғат адамдардан қамқорлық ...

А) күтеді;

Ә) талап етеді;

Б) қажет етпейді;

2. Экология  адамның өзінен ...

А) аяқталады,

Ә) қажет етеді;

Б) басталады;

3. Аталарымыз ойын балаларын тегіс  ...

А) көрсетеді;

Ә) жинайтын;

Б) береді;

4. Біз Республикамыздың табиғатын ...

А) болып отыр

Ә) айта береді;

Б) сақтауымыз керек.

 ІІІ қатар (мәтіннен табиғатқа байланысты айтылған нақыл сөздер мен тыйым сөздерді керекті сөздермен сәйкестендіру)

Бұлақтың ...     ашыңдар,

су бар жерде- ... ,

бұлақтың көзі ашылса, ... , су мол болса, астық та, шөп те, гү де ...

 Бұлақтың көзін ашсаңдар,  ...

Жаңа шыққан көк шөпті, ... көктей жұлма, көктей соласың.

Керекті сөздер: ( көзін, тіршілік  бар, су мол болады, жайқалып өседі, тіршіліктің де көзін ашқандарың, жабайы гүлдерді)

(Тапсырмалар тексеріледі.)

Жақсы, сонымен менің сұрақтарыма жауап береміз

Экология кімнен басталады?

Көктемде аталар кімді шақыратын?

Олар ненің көзін ашуға жіберетін?

Су бар жерде не бар?

Біз табиғатты не істеуіміз керек?

4) Дәптерлеріңді ашыңдар, бүгінгі күнді жазыңдар.

Шашылған сөздерден сөйлем құрастырып, талдайық:

Адам табиғатты қорғауы тиіс. Біз көктемде қоқыс жинадық және саябақтарды тазаладық. Мен атаммен аулаға ағаш отырғыздым.

 

ІҮ. Білімдерін қорытындылау

1)    РАФТ әдісі бойынша оқушылар шағын әңгіме жазады

рөл

аудитория

формат

тақырып

оқушы

інісіне

әңгіме

Табиғатты қорғау

эколог

халыққа

лекция

Табиғат апаттары

тілші

қонаққа

телебағдарлама

Науырызым қорығы

 V.Рефлексия.

 «Шын жүректен» оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынадай сөздерді апарып іледі: Гүлдей бер, Жер-Ана!; Аспаның ашық болсың! Аспаныңды бұлт торламасын!; Тоғайың аң мен құсқа толсын!; Суың мөлдір, таза болсың!; Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!; Орманың аң құсқа толсын, жазық далаң қызыл, жасыл гүлдерге толсын!; Күнің жарық болсын!, құстарың сайрай берсін, ауаң таза болсын,   т.б. бәрі іліп болғаннан кейін оқушылар орнынан тұрып хормен: Табиғат сені  сүйеміз, Басымызды иеміз! деп айтады.

  VI. Үйге тапсырма «Табиғат және адамзат» деген тақырыпқа эссе жазу, сөздерді жаттау.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.43 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 159

Похожие материалы