Қазақ тілінен "Етістік.Осы шақтың түрлері" тақырыбының қысқа мерзімді жоспары

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Етістік.Осы шақтың түрлері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға етістіктің,осы шақтың түрлерінің маңызы туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,зейінін,пәнге деген қызығушылығын,етістіктің,осы шақтың түрлерін ажырата білуін дамыту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілік,еңбексүйгіштік қасиеттерін нығайту,дұрыс сөйлем құрауға үйрету.

Сабақтың түрлері: Дәстүрлі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ- жауап,түсіндіру,жаттығу жұмыстарын жасау.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба нұсқа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а)сәлемдесу;  ә)оқушыларды түгендеу;  б)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;  в)оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру: 1) Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі, сөйлемде қандай қызмет атқара алады? (Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен,сөйлемде әр түрлі  мүшенің қызметін атқарады.1)Есімдіктер,әсіресе жіктеу есімдіктері,атау септікте тұрып бастауыш болады;2)Есімдіктер барыс,табыс, жатыс,шығыс,көмектес септіктерінің бірінде тұрып толықтауыш болады;3)Есімдіктер ілік септікте немесе сын есіммен сан есімнің орнына қолданылып,анықтауыш болады;4)Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады;5)Есімдіктер жіктеліп қолданылса,баяндауыш болады.)

2)Есімдіктер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?(7 топқа бөлінеді: а)жіктеу есімдігі;

ә)сілтеу есімдігі;

б)сұрау есімдігі;

в)өздік есімдігі;

г)жалпылауесімдігі;

д)болымсыздық есімдігі;

 

е)белгісіздік есімдігі.)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.29 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 136

Похожие материалы