Азандағы мал үні-атамыздың гимні
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ахмет Айкун Жалгасовна
|
Халқымыз жылқыны жасына қарай:сақа ат,сақа айғыр, бесті, дөнен, құнан, сәуірік, сетер, қулық, тай, жабағы, құлын т.б. деп бөледі. Ал жынысына қарай: ат, бие, айғыр, азбан деп ажыратады.
Жылқылар онға бөлінеді:
1) Жабағы,
2) Адайдың жылқысы
3) Қостанай жылқысы
4) Буденый жылқысы
5) Көшім жылқысы
6) Салт мініс жылқысы
7) Желісті жылқы
8) Қазақ желістісі жылқысы
9) Орыс желістісі жылқысы
10) Ахалтеке жылқысы
Жылқы тұқымдары .Алтай тұқымы. Қостанай тұқымы.
Буденный тұқымы. Қазақ тұқымы
Украинаның ұлттық тұқымы. Ахалтеке тұқымы
Буденный тұқымы.
Қазақ жылқыларының ерекшеліктері – бастары үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөнес мұрынды,мойыны шомбалдау,қысқа,көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан. Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері тығыз.
Қазақ жылқылары ауа райының құбылмалы жағдайына төзімді, жем – шөпті талғамайды,үнемі далада жайылымда жүріп күнелтеді.
Жылқының өмір сүру кезеңдері
Жылқы орташа есеппен 25 – 30 жыл жасайды. Жылқы төлдері:
· Құлын (биенің төлі)
· Жабағы (6 айдан асқан құлын)
· Тай (1 жастан асқаны)
Ұрғашы жылқыны (байталды)
· Құнажын байтал (2 жастан асқан)
· Дөнежін шығар (3 жастағы)
· Дөнежін байтал (3 жастан асқан)
· Бесті бие (4 жастан асқаны)
· Қасбалы бие (7-8 жастағы бие)
· Кәртамыс бие (11-14 жастағы)
· Жасаған бие (20 жастан асқан бие) т.б.
Жылқының қасиеті
Төрт түліктің ішіндегі ең таза мал – жылқы.Оның тазалығы соншалық – суды да кешіп барып, таза жерден ішеді. Ол өте сезімтал мал. Қолға тез үйренеді.Бір ғажабы жылқыда өт болмайды.Төрт түліктің ішінде жылқыны өсіру жеңіл. Себебі жылқыны бағуда артық шығын кетпейді.Жылқы-жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.
Жылқыны күту, тамақтандыру
Тау бөктері аймақтары мен қуаңшылық жерлерде ауа райы жылы болғандықтан жылқыны жыл бойы жайылымда бағады. Бұл жерде жылқы шаруашылығы ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Жылқыны бағудың бірнеше әдістері бар: үйірлеп бағу, бос бағу, табындап бағу.
Бос бағуда жылқыны жыл бойы жайылымда болады.Қатты боран немесе көк тайғақ болғанда пішен, жем беріледі. Табындап баққанда жылқы жынысына жне жасына қарай табынға бөлінеді.Боран және аяздан қорғау үшін қора, қолқа, ықтасынсалынады, Құдық қазылады, суаттар жасалады.
Жылқы өнімі
Еті мен сүтінің адам ағзасына пайдасы
Қазақ халқыүшін жылқы қасиетті мал. Оның еті мен сүті өте шипалы. Еті жесең қорытуға жеңіл, сіңуі тез, өте пайдалы.Жылқы етінің басты қасиеті : жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға , буын сүйектерді жібітуге т.б. қолданылады. Сондай ақ ірі қара малдың асқазаны ауырғанда, балапандар мен тауықтардың ащы шегінде қабыну белгілері байқалғанда қолдануға болады.Міне бұл кеңестерді үнемі жаныңызға жинап, қажетіңізге жаратуға болады.
Биенің сүтінен қымыз ашытады. Қымыз ауырған адамға ем, ал сау адамға қуат береді. Бие сүтінде қант көп болады.Жаңа сауған сүтттің дәмін татып көрсеңіз байқайсыз. Құрамында «С» дәрумені көп болады.Қымыздың емдік қасиеттері әсіресе туберкулез ауруын емдеу үшін пайдалы. Қымыз қазақ халқының сүйіп ішетін сусыны. Биеден күніне 10-12, кейбіреулерінен 15-17 литрге дейін сүт сауылады.
Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге, жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған.
Қорытынды :
Жылқы біздің ұлттық мәдениетіміз, тарихымыз. «Ер қанаты - ат» деген қанатты сөзді халық жадында сақтап келеді.Осы қағиданы берік ұстаған бабаларымыз жылқы өсіруге ерекше ден қойған. Жылқы еркіндіктің, тұрақтылықтың белгісі. Қазақстан Республикасының елтаңбасында бейнеленген алтын қанатты тұлпар аттар еркіндікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың белгісі болып біздерді жарқын болашаққа жетелейді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 383.8 Kb |
Количество скачиваний: | 24 |