Қазақша тәрбие сағат: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (БІРЛІГІ ҚАЗАҚ ЕЛІ)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

Қазақша тәрбие сағат: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (БІРЛІГІ ҚАЗАҚ ЕЛІ) Тәрбие сағат білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Тәрбие сағат дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.  Тәрбие сағат тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағат түрі: аралас сабақ

Тәрбие сағат әдісі: сұрақ-жауап, өлеңдер оқу, түсіндіру, ТҚЖ қолдану. Тәрбие сағат көрнекі құралдары: әр ұлттың киімі, слайд , гүлдер, шар, қағаздан жасалған ұшақтар

Тәрбие сағат барысы: I. Психологиялық даярлық.

 Қайырлы күн, балалар! Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз ЖАРАСҚАН Үлгі алсын көрген жан мына бізден Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын.Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.

  1: Әнұраным –жанұраным, Айтар әнім -сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады. Республикам Әнұраны! Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

 - Біз сендермен Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.Әнұранның авторлары кім?

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев , Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән - Еліміздің тағы қандай рәміздері бар? Ол туралы не білесіңдер? Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.89 Kb
Количество скачиваний: 67
Просмотров: 163

Похожие материалы