Қазақстан Республиканың рәміздері 2 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жунусова Айман Сейткановна
|
I бөлім
I. Ұйымдастыру бөлімі. ҚР - ның Әнұраны орындалады.
II. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау
III. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру * Отан деген не? *Қазақстан қандай ел? *Бас қала қай қала?
1 - оқушы: Қазақстан – менің Отаным 2 - оқушы: Әлем таныған - Қазақстан 3 - оқушы: Астана - әсем қала
II бөлім. Оқушыларды топқа бөлу.
«Туым - теңдігім»
« Елтаңбам - елдігім»
«Әнұраным - айбарым»
IV. Топтық жұмыс
1 - топ. «Туым - теңдігім»
1 - оқушы: Туына байланысты елін танимыз. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Тудың түсінің де, жолағының да оларда бейнеленген түрлі пішіндердің де - бәрінің өзіндік мәні бар.
Біздің туымыз - көгілдір түсті тік төрт бұрышты мата. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштық пен аман - есендікті көрсетеді. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбіт - шіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика тілінде көк түс және оның түрлі реңі адалдық, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді. Ежелгі түркі тілінде «көк» сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Көк түс - түркі халықтары үшін қасиетті ұғым.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн - қозғалыс даму, өсіп өркендеудің және өмірдің белгісі.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою - өрнек салынған тік жолақ кетеді.
Күн, күн сәулесі, бүркіт және ою - өрнек алтын түстес бояумен боялған.
Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Қалықтаған бүркіт дарқандық пен қырағылықты, ой - арманның шарықтауын меңзейді. Ұлан - байтақ кеңістік -
те қалықтаған қыран ҚР - ның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.
2 - топ. « Елтаңбам - елдігім»
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 39.5 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |