Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері.

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

   Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір-қасиетін қорғауға және басқалардың қадір-қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез-құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда, Қарулы Күштердің ар-абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауы тиіс.

   Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір-біріне: «сіз» деп тіл қатуға тиіс. Өзара жеке қатысу кезінде әскери атақ әскерлердің түрі немесе қызметі көрсетілмей аталады.

   Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге тіл қатқанда, оларды әскери атағы мен әскер түрі бойынша немесе атағы бойынша ғана, соңғы жағдайда атақтың соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып айтады. Мысалы: «Қатардағы Омаров (Омарова)», «Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант Егізбаев (Егізбаева)», «Сержант мырза», т.б.

   Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттық құрамын, курсанттарын (тыңдаушыларының), сондай-ақ оқу-әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарын, оларға тіл қатқан кезде, тегін қосып «курсант» деп немесе «Курсант мырза» деп атау керек.

   Өздеріне бастық немесе аға шенді тіл қатқан кезде, әскери қызметшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптағыдай тіктеліп, өздерін таныстырады: лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысқан кезде, аға шендегісі қолын бірінші болып береді. Егер аға шенді қолғапсыз болса, кіші шенді қол алысу алдында оң қолынан қолғабын шешеді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алусымен қоса басын жеңіл иеді.

   Бағыныштылар мен кіші шендегілер қызмет бабымен бастықтар мен аға шендіге тіл қатқан кезде, оларды атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып, әскери атағы бойынша атайды. Мысалы: «Лейтенант мырза», «Генерал-майор мырза».

   Әскери қызметшілер саптан тыс бір-біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойыеша да тіл қатыса алады. Күнделікті өмірде офицерлерге «офицер сөзі» деген сендіруші тіркесті қолдануға рұқсат беріледі және бір-бірімен қоштасқан кезде: «Қош болыңыз!» деген сөздің орнына: «Құзырыңызға құлдық!» деп айтуға жол беріледі.

   Қарулы Күштердің азаматтық қызметкерлеріне тіл қатқан кезде, әскери қызметшілер оларды лауазымының соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып, лауазымы немесе тегі бойынша атайды.

   Әскери атақтарды бұрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ аттарды қолдану, дөрекі және жүрдім-бардым сөйлесу әскери ар-намыс пен әскери қызметшілердің қадір-қасиеті ұғымына сыйыспайды.

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.

 

   Ол:

 

ü  Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

 

ü  әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

 

ü  өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

 

ü  адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

 

ü  командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

 

ü  әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

 

ü  өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

 

ü  әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 69 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 147

Похожие материалы