Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздер ( 3 rkfcc )

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мақсаты:

  Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, гимнін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, гимні, слайд,буклеттер.

 

Барысы:
І  Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық

- Балалар  бір-бірлеріңе жақсы тілектеріңді айтыңдар.
( оқушылар өз тілектерін айтады)

2.Топқа бөлу ( Санау арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді)

ІІ  Негізгі бөлім

Тақырыпты ашу.

Мұғалім:

   -Мемлекеттік рәміздер деген не?

   - Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің Отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

 

-Қазақстан Республикасының ұлттық  рәміздеріне нелер жатады?

-Гимн,ту,елтаңба.

 

1-топ: Гимн туралы білгендерін ортаға салады.

 Әні: Шәмші Қалдаяқов
 Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов

ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш бар, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.

Оқушылар тік тұрып,әнұран орындалады.

 

2-топ: Ту туралы айтады.

    1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт туына тағзым етті.

Тудың авторы-суретші Шәкен Ниязбеков.Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.

 

3-топ: Елтаңбаны  жайлы айтады.

 

 Авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов.   

   Көк аспан – кеңшіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
     Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.

    Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

4-топ: Конституция туралы айтады.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

   Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.

 

ІІІ  Жалғастырып көр.

а) Әрбір адамға Отан керек.Өйткені...

ә) Менің Отанымы тілегім...

 

IV Сұрақтарға жауап беру.

 

1.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

1986 жылы  16 желтоқсан

 

2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

1991жылы 16желтоқсан

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 5.2 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 133

Похожие материалы