Ұстаз ұлы тұлға эссе (1сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ибраева Гульназ Жумабаевна
|
«Ұстаз – ұлы тұлға»
( эссе )
«Ұстаз.. жаратылысынан: өзіне айтылғанның бәрін жете аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.. мейілінше шешен, өнер- білімге құштар, аса қанағатшыл. Осы ұстаздар жайлы халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.
Жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.. жұрттың бәріне...жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл ержүрек болу керек» деп Әл-Фараби айтпақшы, келешекте біздің егеменді басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға-ұстаз.
Ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Оқушының мұғаліммен қарым-қатынасы мұғалімнің келбетіне, сөйлеу мәдениетіне, әдептілігіне байланысты. Бұл тұста келбет деп отырғанымыз мұғалімнің түр-әлпеті, киім киісі, жүріс-тұрысы. Әдетте түр-әлпетті келісті, киініп жүретін мұғалімдерді оқушылар құрметтейді.
Оларға әсіресе мұғалімнің сөйлеу мәдениеті көбірек әсер етеді. Мұғалім қанша білімді болса да, оның сөйлеу және өзін-өзі күту, ұстау мәдениеті төмен болса, ондай мұғалімдерді оқушылар сыйламайды. Егер мұғалім шәкірттердің алдында беделінен айырылып қалса, онда қарым-қатынас, оқу тәрбие ісі еш уақытта өз мақсатына жетпейді. Сондықтан мұғалім таза сөйлеуге, өзін-өзі күтуге, өзгені құрметтеуге айрықша
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 36.05 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |