Здесь была ссылка на работу »Қазақстандағы топырақ типтері» (8 сынып) автора Карабупеева Жанар Уалиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
1)Қара топырақты зона – Еліміздің солтүстігінде таралған. Бұл зонаға Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай обл, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Орал облыстарының солтүстік бөлігін қамтиды. Қара топырақты зона Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5% - ын) алып жатыр. Бұл топырақ зона 3 зона аралығына бөлінеді. Бұл топырақ зонасының құнарлығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі.күнгірт қара топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы 4,5 – 3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырақтың гумусы азырақ 3,0 – 2,0%. Қара қоңыр топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі. Осы топырақ зонасының оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Бұл топырақтың гумусы аз сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді. Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы деп атайды. Эрозия (лат. еrosіo – мүжілу), геологияда – тау жыныстары мен топырақ бетін аққан судың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің тасымалдану қарқыны тау жыныстарының қаттылығына, топырақ қабаттарының жатыс бағытына, су ағынының жылдамдығына және мүжілу нәтижесінде пайда болған массаның ірілі-ұсақтығына байланысты. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геологиялық құрылысы да әсер етеді. Эрозия – жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі. Түзілген жербедер пішіндеріне байланысты беткі эрозияға (ағын өткен жер беті ой-шұңқырлары тегістеледі) және тілімдеу эрозиясына (жер беті сай-жыраларға тілімделеді) ажыратылады. Демек, эрозиялық бедер пішіндері – бүйірлік және тереңдік эрозиялардың нәтижелері. Кейбір әдебиетте “Эрозия” термині негізінен мұздық, жел және теңіз толқыны әрекетін сипаттағанда жиі қолданылады. Эрозия құбылысына қарсы күресу жолдары – табиғатты қорғаудың басты шараларының бірі болып табылады. Сонымен қатар Эрозияның қалыпты (табиғи) және жеделдетілген (табиғи ортаны дұрыс пайдаланбау салдарынан) түрлері болады;